Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Шымкентте 2 жасар бала терезеден құлап кетті

Шымкентте 2 жасар бала терезеден құлап кетті

Қыркүйектің 4-і күні Жедел медициналық көмек қызметіне сағат 17-45-те Қаратау ауданы, Нұрсәт-1 шағын ауданында, 210 үйде 2020 жылы туған бала көппәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кеткені туралы хабарлама келген. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала ересектердің қарауынсыз қалғаны айтылды.
Қалалық балалар ауруханасында оған алдын ала “Жабық бас жарақаты, іштің жарақаттары”диагнозы қойылды. Дәрігерлер тексергеннен кейін сағаттан 20-45-те үйге амбулаториялық емделуге жіберілді ( жағдайы орташа).

“Терезеден баланың құлап кетуі бойынша бұл биылдыққа алтыншы жағдай” дейді Шымкент қаласы ТЖ департаментінің мамандары. Төтеншеліктер ата-аналарға абай болуды, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика