Бүгін, қыркүйектің 6-сы сағат 16:43-те Шымкент қаласы, Абай ауданы, Бәйдібек би көшесі №131 мекенжайда орналасқан «Батсу» ЖШС-ның аумағында (жалпы көлемі 900 ш.м) жиһаз цехында, (көлемі 150 ш.м) шатырында, (көлемі 0,12 га құрайтын) құрғақ шөп жанып, өрт шыққан.
Сонымен бірге Байтұлы Баба көшесі №9 мекенжайда орналасқан «Оспаналиева» ЖК-ның аумағында да, ашық жерде көлемі 100 ш.м. битум праймері, мақта минералды жылыту қаптағыштары жанды. ”
Өрт сағат 17:32-де оқшауланып сағат 18:04-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда” деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.
Оқиға орнына ТЖД (40 қызметкер мен 6 дана техника), 2-водовоз, жедел жәрдем бригадасы, полиция қызметкерлері жұмылдырылған.