Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Шымкентте «Авто Нұр» ” базары “өртенеді” ме? – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Шымкентте «Авто Нұр» ” базары “өртенеді” ме?

Бүгін, қыркүйектің 12-сі күні сағат 12.00-де Шымкенттегі “Авто Нұр”ЖШС-і “өртенеді”.

Әрине бұл арнайы сценарий бойынша жүргізілетін оқу-жаттығу шарасы. Өрт сөндірушілер тарапынан өрттердің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамдардың көптеп жиналатын орындарында  өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізу бойынша белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде.  Сол үшін де бұл жолы Шымкент қаласы Абай ауданы Темірлан тас жолы №62/7 мекенжайда орналасқан LTD «Авто Нұр» ЖШС аумағы таңдалып алынған.
Жаттығудың тактикалық тұрғысынан  базар  аумағында киім сататын 2 қабатты дүкеннің бутиктерінің бірінде  электр сымдарының тұйықталуынан өрт орын алады. Өрт көрші бутиктерге таралады. Нысанның күзетшілері  жедел түрде «101» қызметіне хабарлайды.   №2 шақыру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу орнына шығу кестесіне сәйкес бағытталған күштер мен құралдар жөнелтілді.  Алғашқы келген бөлімшелер эвакуациялау жолдарын қорғауға және оқушыларды қауіпсіз аймаққа шығаруға кіріседі, ал қалған бөлімшелер өрт ошағын іздеп,тауып сөндіру жұмыстарын және өрт орнында қалып қойған балаларды құтқару жұмыстарын жүргізеді” дейді Шымкент қаласы ТЖД-ның қоғаммен байланыс тобы.  “Өрттің” таралуына жол берілмейді.
Жаттығуға Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен  9 негізгі және 3 арнайы  бірлік өрт сөндіру техникасы,  офицерлік және жеке құрамы,  Шымкент қаласы ТЖД-ның, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, оқиға орнына қосымша «103» қызметкерлері,  энергосет, газ шарушылығының қызметкерлері  жұмылдырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған