Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Шымкентте бір отбасы газға уланып қалды

Шымкентте бір отбасы газға уланып қалды

Құдай сақтап, Шымкентте құтқарушылар дер кезінде әрекет етуінің нәтижесінде  бір отбасыны уланудан аман алып қалды.

Төтенше жағдайлар департаментінің 112 құтқару қызметіне 13 қыркүйекте сағат 04:43-те пәтердің есігін аша алмай жатқандығы туралы хабар келіп түскен.
Қаладағы А.Байтурсынов көшесі бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйге жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі жедел барып, арнайы құралдардың көмегімен есікті ашады. Пәтердің ішінде болған бір отбасы газға уланып қалған екен.

“Құтқарушылар алғашқы көмек көрсетіп, жедел түрде қауіпсіз жерге шығарды. Оқиға орнын жетіп келген 103 қызметкерлеріне екі ересек, екі баланы тапсырды. Алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін, зардап шеккендер ауруханаға жатудан бас тартты” деп хабарлайды Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика