Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Дін мен дəстүр » Тасбақаны өлтірме

Тасбақаны өлтірме

Ғайса пайғамбардың анасы Бибімәриям Құдайға құлшылық етіп, үңгірде жатады. Нәр татпайды. Су ішпейді. Жалғыз қылтанақ шөпті тістеп, соның нәрін сорып жата береді. Мәриямның тақуалығына риза болып, Алла шөптің бойына құнарлы азық пен бал татыған су бітіреді. Мың дерттің шипасын береді. Мәриям суық үңгірде жатса да ауырмайды. Кейіннен ол шөп «Мәриям шөбі» деп аталыпты. Бірақ ол ілуде біреудің ғана көзіне шалынады екен. Оның қасиетін білген тасбақа аузына көлденең тістеп, ұзақ күндік сапарларды шаршамай – талмай жүріп өтеді. Әрі қарны да ашпайды, шөл далада да сусап өлмейді. Тасбақаның ұзақ жасайтын сыры да осы шөптің қасиетінде екен. Пайғамбар анасына жәрдемдескені үшін қазақтар оны нақақтан-нақақ өлтіруге тыйым салған. Тасбақаға тиіссе, Мәриям анамыздың наласы ұрады деп сенген.

«Салт-дәстүр сөйлейді» отбасы хрестоматиясынан

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика