Түркістан облыстық балалар ауруханасының офтальмолог мамандарының пікірінше, шала туған балаларда ретинопатия ауруы жиі кездесетін патологияға айналып келеді. Аурухананың неонтальды хирургия бөліміне көздің зақымдануы бар егіздер түсті.
Ретинопатия – қабынбайтын сипаттағы көз торының тамырларындағы патологиялық өзгерістер. Дер кезінде емдеу шараларын жүргізбесе, көздің көру қабілетін түбегейлі жояды.
Айта кетерлігі, перенталдық орталықтан нәрестелер ана сүтінен бас тарту, депрессия шағымдарымен ауыстырылды. Анасының балаларға жүкті кезінде анемиясы болған. Балаларды туған кездегі салмағы 1180 келі болған. Сәбилердің дұрыс тыныс алуы үшін қосымша аппарат қолданылған. Қабылдау кезінде жаңа туған нәрестелердің жағдайы ауыр болды. Осы кезеңде нәрестелерде ретинопатия дамыды. Нәрестелерге тиісті ем шараларды облыстың штаттан тыс офтальмологы А.Новиков жүргізді. Ем шаралар ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің хаттамасына сәйкес, МӘМС аясында көрсетілді.
Айта кетерлігі, шалабайлардың денсаулық жағдайын дәрігерлер тұрақты бақылауға алды. Емшек сүтімен тамақтандырып, салмақ қосуын қадағалады. Денсаулықтары қалыпты жағдайға көшкеннен соң, амбулаториялық бақылауға жолдады.
ДӘРІГЕР ШАЛАБАЙЛАРДЫҢ КӨРУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ
