– Алло Бақытжан ағай сіз боласыз ба?
– Ия, сәлеметсіз бе, тыңдап тұрмын?!
– Ағай мені 1 минут тыңдаңызшы, менің жасым 35 тен асты, тұрмыс құрғаныма 4 жылдан асса да әлі бала бала көтере алмай жүрмін. Кеше сіздің инстаграмм арқылы тікелей эфирде шыққаныңызды көрген едім, ЭКО бойынша айттыңыз… -деп бастады тұтқанын арғы жағындағы әйел.
Бұл уақиға 2021 жылы мен денсаулық сақтау басқармасында қызмет етіп жүргенде болған еді. 4 жыл бұрын тұрмыс құрып бала көтере алмай жүрген келіншектің айтуынша “бармаған жері баспаған тауы” қалмапты. Өзі де емделген, жолдасы да емделген, алайда нәтиже жоқ.
Кешке кабинетіме жолдасы екеуі келді, күйеуі өте жақсы жігіт екен. “Арманымыз көп бала-шағалы болу” дейді. Арасында әйелін қолдап әзілдеп, “маған келіншегім әлі 10 бала туып береді” деп. Әйелінің қолын қысып қояды, араларында үлкен махаббат, болашақтан жақсылық күтуге деген сенім бар. Жоспарлары да жаман емес.
– Кеше әйелім екеуіміз таксиде келе жатыр едік, кептелісте тұрғанбыз. Кептеліс 10 минуттан артық созылды, инстаграмды ашып қарасақ сіздің тікелей эфиріңіз басталып жатыр екен. Тақырыбы ЭКО жасанды ұрықтандыру, соны тындай сала жолдасымыз екеуіміз сізге бүгін хабарласып отырмыз, бізге толық мағлұмат беріңізші, қолыңыздан келсе көмектесіңізші,- дейді әйел.
Мен оларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан бастап Қазақстанда «Аңсаған сәби» әлеуметтік бағдарламасы басталғанын және 2020 жылмен салыстырғанда квота 7 есеге өскені туралы айтып, жөн сілтеп жібердім.
Арасында олар маған телефон соғып кеңес алып тұратын… Кейін хабарласпай қойды. Шынымды айтсам бұл жұпты ұмытып та кеттім.
Осыдан екі күн бұрын телефоныма осы жұп қайта хабарласты.
– Бақытжан ағай мен ЭКО арқылы қыз босандым,- деп қуаныштан жылап тұр, -Кешке арнайы қонағымыз болыңыз, атам Азан шақырып ат қояды деді.
Міне керемет аман есен қыз босаныпты!!!
ЭКО арқылы, бәрін тегін жасады, ЭКО орталыққа, өзімнің емханама, босану үйіне барлықтарына ризашылығын айтуда, есімін Айжұлдыз деп қойыпты, құттықтап шықтым… қайтар жолда келе жатып кептелістің пайдасы бір жанұяға көмегі тиді деп қоямын ішімнен)
Бақытты бол Айжұлдыз!
Бақытжан ПОЗИЛОВ, “Медикер” клиникасының басшысы.