Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Автобустың бағытын неге өзгерте береді? – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Автобустың бағытын неге өзгерте береді?

Осыдан бірнеше жыл бұрын Алматыға бардым. Байқағаным, 20 жыл бұрынғы Тимирязов көшесінде жүретін автобустар әлі сол бағытта жүреді екен. Демек, ол автобусқа мінген жолаушы бағытынан қателеспейді. Ал Шымкентте олай емес. Мәселен, мегаполистің оңтүстігінде Жұлдыз тұрғын алабы бар. Осы Жұлдызға баратын автобустар бағыты жыл сайын өзгереді. Бұл жолаушыларға қиындық туғызады. Жаңылысады, адасады. Мұндай мысалдар аз емес.

Тағы бір айтарымыз – бұрын аялдамаларда қай номерлі автобустардың қандай бағытқа жүретінін көрсететін кесте тұратын. Қазір ол да жоқ. Әрине, интернет арқылы барар жеріңе жеткізер автобусты іздеп табуға болады, бірақ, оны бірі түсінсе, бірі түсінбейді. Содан келіп адасып жүрген адамдарды, жөн сұрап жүрген жолаушыларды жиі кездестіресің. Уақыт кестесінің сақтала бермеуі де адамдардың барар жеріне кешігіп жетуіне себеп болады.

Шымкент қаласында жолаушылар тасымалына жауапты басқарма бар. Бірақ, не себепті екені белгісіз, әйтеуір жоғарыда айтылған келеңсіздіктерді бір реттей алмай-ақ қойды. «Жолаушы тасымалдаумен айналысатын компаниялардың барлығы жеке меншік, бақылау қиын» деп басты алып қашуға негіз жоқ. Өйткені, олардың жұмысын реттеп отыруға әлгі басқарманың құзыреті жүреді. Осы қызмет үшін қазынадан арнайы субсидия бөлінеді. Талапқа сай жұмыс істей алмайтын компаниямен арадағы келісімді бұзуға ешқандай кедергі жоқ. Бір сөзбен айтқанда, тасымал сапасын арттыруға толық мүмкіндік бола тұра соны жүзеге асыра алмайтынымыз өкінішті.

Р. ШАЛҚАР.

One thought on “Автобустың бағытын неге өзгерте береді?

  1. 2021 жылы Шымкент қаласының жолаушылар көлігі дамытуды кешенді схемасы бекітіліп қаладағы маршруттардың сызбалары оңтайландырылды.
    Бүгінгі Жұлдыз шағынауданына №142 және №191 автобус маршруттары тұрақты қатынауда. №142 автобус маршруты 2018 жылы ашылып осы күнге дейін бір қозғалыс сызбасы бойынша қызмет көрсетіп келеді. №191 автобус маршрутының қозғалыс сызбасы кешенді схемаға сәйкес 2021 жылы оңтайландырылды. Сонымен қатар, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында, 2021 жылы «I-көлік» мобильді қосымшасы іске қосылды. Аталға мобильді қосымша арқылы маршруттардың сызбасын, автобустарды онлайн уақытта қозғалысын бақылауға болады және 200 мыңнан аса жолаушы мобильді қосымшаның қызметін пайдалануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған