Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Мұғалімдерді ақысыз демалысқа жіберу керек

Мұғалімдерді ақысыз демалысқа жіберу керек

Оқшау ой     

Оқу жылының екінші тоқсаны да басталды. Тоқсан арасындағы бір апталық демалыс оқушыларға арналғанымен, мұғалімдерге – жұмыс. Алайда, осы аралықта мұғалімдердің қандай шаруамен айналысып жүргенін көргенде маған бір ой келді.

Оқушыларға арналған осы демалыста ұстаздардың көбі қосымша жұмыстармен айналысты десек, қателеспеспіз. Олардың бірі жеке көлігімен жолаушы тасып, такси қызметін көрсетсе, екіншілері базар жағалап, сауда көрігін қыздырды. Негізінде тоқсанаралық демалыс кезінде мұғалімдерге жалақы төленеді. Ендеше, олар да мектепке келіп, өз жұмыстарымен айналысуы керек емес пе? Алайда, сабақ өтпегесін олар шұғылданатын нақты шаруа да жоқ. Мектепке келгендердің өзі әңгіме айтып, шай ішіп, уақытын босқа өткізетіні жасырын емес.

Бүгінде білім ошақтарында сағат санын қысқарту көбейді. Мұның себебін – қаржы үнемдеу деп түсіндіреді. Қаржы үнемдеудің тиімді тәсілі – сағат санын қысқарту емес, тоқсанаралық демалыста мұғалімдерді де ақысыз еңбек демалысына жіберу емес пе? Сондай-ақ, жазғы үш айлық демалыстың кезінде де мұғалімдер 56 күндік демалыстан кейін мектепке келеді. Мектепке келді деген аты болмаса уақыттарын босқа өткізетіндер көп. Ал атқарылмаған жұмыс үшін неге ортақ қазынадан айлық төленуі керек? Сол үшін бұл уақытта да мұғалімдерді ақысыз еңбек демалысына жіберуге болады. Міне, осы кезде жеке көлігімен қызмет етіп, саудаға шығып, қосымша қаражат табуларына ешкімнің қарсылығы бола қоймас.

Н.Бекмұратова.

 

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика