Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Шымкентте әйел дәрігер бар ма?

Шымкентте әйел дәрігер бар ма?

Редакциямызға хабарласып жататын кей оқырмандарымыздың бірқатары әсіресе, қыз-келіншектер медициналық көмекке жүгінерде әйел дәрігердің қарауына барғысы келетінін айтады. Мұны бірі «күйеуім ер дәрігерге көрінгенімді қаламайды» деп түсіндірсе, енді бірі «намазда едім. Біз үшін ер дәрігерге барып көрінуге болмайды» дегенді алға тартады. Жасы үлкен апа, әжелеріміздің де баласымен жасты ер дәрігерге барып көрінгісі келмейтіні рас. Ата-бабаларымыз әуелден «Ауруын жасырған– өледі» дегенді біліп айтқан дейтін болсақ, аурудың алдын алу үшін ұдайы медициналық тексеруден өтіп тұрған абзал. Деске те әлгіндей әйел дәрігерді іздеу – біршама сабылысқа әкеп тірейтіні бар. Ақырында іздегенін таппағандар үйінде жатып ауруын асқындырып алатыны да жасырын емес.

Біз оқырмандарымыздың осы бір талап-тілегін, өтінішін «Медикер» медициналық орталығының басшысы Бақытжан Позиловқа жеткізген едік. Ол кісіден мынадай жауап алдық:

–Біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Кей мамандық иелері әйел, ер деп бөлінбейді. Әсіресе, дәрігерлер. Алайда, қоғамдағы әрібір адамның құқығы сақталып, оның діни наным-сеніміне, дәстүріне үлкен құрметпен қарауға тиістіміз деп ойлаймын. Кез келген азаматтың ұлтына, діни сеніміне құрметпен қарау арқылы біз парасатты, шын мәнінде әділетті, құқықтық қоғам құра алатынымыз анық. Сондықтан да біздің «Медикер» медеицналық орталықтарында қыз-келіншектердің қалауы бойынша әйел-дәрігер стоматолог, проктолог, хирург, гинеколог мамандар бар. Олар пациенттің қалауына, таңдауына сай қызмет көрсетуде. Шымкенттік қыз-келіншектер арасында әйел дәрігер іздегендер болса біздің орталыққа келуіне әбден болады.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика