Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мәселе » Ауырмаймын десеңіз…

Ауырмаймын десеңіз…

ЖРВИ ауруының алдын алу жолдарын біле жүріңіз

 ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) немесе ЖРА (жедел респираторлық ауру) — тыныс алу ағзаларының қабынулық зақымдануы. Вирустар және бактериялармен шақырылады. Күнделікті өмірде ЖРВИ-ді салқын тию немесе грипп деп атайды. Тұрғындардың барлық категориясы бұл аурумен жиі жылдың суық мезгілінде ауырады.    

ЖРВИ мен ЖРА салыстырмалы түрде жеңіл ауру деп есептелінеді, бірақ нақты диагностикасы өте маңызды.   Өйткені негізгі симптомдары (безгек, қызу, сырқырап ауыру,  тұмау) қауіпті аурулар, мысалы аллергия, гепатит, ауыр жұқпалар туралы айғақтауы мүмкін. ЖРА симптомдары кезінде ауыр дерттің бар-жоғын анықтау үшін  дәрігер-терапевтотбасылық дәрігер немесе отоларингологқа қаралу қажет.  Диагностикалық мақсатта жалпы қан талдауы, мұрын бөлінділері немесе қақырықтың бактериологиялық себіндісін жасау  ұсынылады.

Клиникалық белгілері:

  • тұмау
  • жөтел
  • тамақтың жыбырлауы немесе ауыруы
  • көзден жас ағу
  • дене қызуының 38-38,5 градусқа дейін көтерілуі
  • әлсіздік, дімкәстік, сырқырау
  • тәбеттің төмендеуі
  • лоқсу
  • лимфа түйіндерінің ұлғаюы.

ЖРВИ – дың  алдын алудың 3 түрі бары белгілі:

  • Екпелік алдын алу;
  • Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
  • Жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.

Екпелік алдын алу – тұмауды бақылаудың басты амалы.
Екпе – кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Көптеген маңызды инфекция, атап айтқанда полиомиелит, дифтерия, қызылша жаппай екпе нәтижесінде толық жойылады. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе барлық жастағы топтарда ауру мен өлім-жітімді барынша азайтады.

Өзіңіздің ауырып қалмауыңыз және айналадағыларға жұқтырмау үшін не істеу керек:

  • Науқас адамдармен байланыстан алшақ болу;
  • Науқасқа 1 метрден жақын жақындамау;
  • Науқас адамдармен байланыс жасаған кезде демперде кию;
  • Инфекцияның таралуын алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуу;
  • Бір реттік қол орамалын қолдана отыра, жөтелген және түшкірген кезде мұрын мен ауызды жабу;
  • Адам көп жиналған жерге (ойын-сауық шараларына, жиналыстарға, кездесулерге) бармау;
  • Бөлмені жиі желдету;
  • Кір қолмен көзді, мұрын мен ауызды түртпеу;
  • Салауатты өмір салтын ұстану (толық қанды ұйқы, таза ауа, белсенді демалыс, дәрумендерге бай тағамдар), ол ағзаның кез келген инфекциямен күресуіне көмектеседі.

Баян Идияева,

Қаратау ауданы санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика