Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАР

ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫЛАР

2023  ЖЫЛДЫҢ 1 қаңтарынан КӨБЕЙДІ

 

Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты. Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
       –  Айлық есептік көрсеткіш  (АЕК) –  3 450 теңге;

–  Ең төменгі зейнетақы        –  53 076 теңге;

–  Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД)     –  40 567 теңге;

        – Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері–  24 341 теңге  болып белгіленді.

 ЗЕЙНЕТАҚЫ  -10,5% АРТТЫ

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері біршама өзгерді.

Еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты  алып жүрген зейнетақы төлемдерінің негізгі мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап  10,5 %-ға арттырылды.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 46 айлық есептік көрсеткіштен 55 айлық есептік көрсеткішке 189 750 теңге дейін арттырылады, яғни орташа айлық табыстың шектелу шегі ( АЕК-тің  3 450 х 55 =189 750 теңгеден) анықталатын болды. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін орташа айлық табысы жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде 46 еселенген АЕК-пен шектелген болса, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнеткерлердің зейнетақысы арттырылуға жатады. Бұл ретте, 55 АЕК шегінде табыс негізінде есептелген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері, 10,5 %-ға өскен сомадан төмен болмауы тиіс.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – зейнетақы жүйесіне он және одан аз жыл қатысқан не ол болмаған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы (бұған дейінгі 54 пайыздың орнына) мөлшерінде анықталатын болды. Он жылдан асқаннан кейінгі әрбір толық жылға 2 пайызға, бірақ  республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызнан асырмай ұлғайтылды.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне қатысты бұл өзгеріс 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған және 2023 жылдың 1 қаңтарынан кейін жаңадан тағайындалған зейнеткерлерге де қатысы бар.

Биылдан бастап базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері әр бір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 24 341 теңгеден 40 567 теңгеге дейінгі аралықта көбейді.

Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – 2023 жылдың 1 қаңтарынан  бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мен  айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ұлғаюына байланысты арттырылды.

 

Мүгедектік жәрдемақылар :

І топқа         71 787 теңгеден — 77 889 теңгеге;

ІІ топқа        57 206 теңгеден — 62 068 теңгеге;

ІІІ топқа       38 885 теңгеден — 42 190 теңгеге;

7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 52 345 теңгеден —56 794 теңгеге артты.

 

7 жастан асқан мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:

І топ   71 787 теңгеден — 77 889 теңгеге;

ІІ топ  59 449 теңгеден — 64 502 теңгеге;

ІІІ топ  44 867 теңгеден— 48 681 теңгеге көбейді.

 

Мүгедек баланы тәрбиелеушілерге 52 345 теңгеден —  56 794 теңге;

 

І топтағы мүгедекке күтім жасаушыға 52 345 теңгеден – 56 794 теңге артты.

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы:

 1 балаға   32 155 теңгеден —   34 888 теңге;

2 балаға   55 710 теңгеден —   60 445 теңге;

3 балаға   69 170 теңгеден —   75 049 теңге;

4 балаға   73 283 теңгеден —   79 512 теңге;

5 балаға   75 900 теңгеден —   82 352 теңге;

6 және одан көп балаға 78 891 теңгеден – 85 597 теңге көбейтіліп төленетін болды.

Тұл жетімдер – әр балаға бөлек  47 870 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫЛАР:

№1 тізім бойынша  29 956 теңгеден – 32 499 теңгеге ;

№2 тізім бойынша  26 649 теңгеден – 28 911 теңгеге ұлғайды.

  БАЛА КҮТІМІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖӘРДЕМАҚЫ:

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар.

– 1, 2 және 3-ші бала туылғанға — 131 100 теңге;

– 4-ші және одан кейінгі бала туылғанда  217 350 теңге төленетін болды.

 

Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы:

– 1 балаға  18 317 теңгеден — 19 872 теңге;

– 2 балаға  21 656 теңгеден — 23 495 теңге;

– 3 балаға  24 963 теңгеден — 27 083 теңге;

– 4 және одан көп балаға 28 302 теңгеден —  30 705 теңге ұлғаятын болады.

ЕСКЕРТУ: жұмыс істейтін аналардың, бала бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақының мөлшері табыстарының мөлшеріне қарай анықталып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан төленеді.

АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫЛАР

4 және одан да көп баласы бар,  көп балалы отбасылардың бала санына қарай жәрдемақылардың мөлшері:

4  балаға  50 976 теңгеден – 55 304 теңгеге;

5  балаға  63 728 теңгеден – 69 138 теңгеге;

6  балаға  76 479 теңгеден – 82 973 теңгеге;

7  балаға  89 231 теңгеден – 96 807 теңгеге;

8  балаға  101 760 теңгеден – 110 400 теңгеге;

9  балаға  114 480 теңгеден – 124 200 теңгеге;

10 балаға 127 200 теңгеден – 138 000 теңгеге;

11 балаға 139 920 теңгеден – 151 800 теңгеге;

12 балаға 152 640 теңгеден – 165 600 теңгеге;

13 балаға 165 360 теңгеден – 179 400 теңгеге;

14 балаға 178 080 теңгеден – 193 200 теңгеге;

15 балаға 190 800 теңгеден – 207 000 теңгеге артатын болды.

 

“Алтын алқа”, “Күміс алқа” немесе бұрындары “Батыр ана” атағын алған, I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы   20 352 теңгеден  22 080 теңгеге көбейтілді.

 

Кеңес Одағының батырлары мен 3 дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері  440 844 теңгеден    478 274 теңгеге;

Социалистік Еңбек Ері 3 дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері 440 844 теңгеден    478 274 теңгеге;

“Қазақстанның ғарышкер ұшқышы”,”Халық қаһарманы”, “Енбек ерілері” 440 844 теңгеден – 478 274 теңгеге;

Ұлы Отан соғысына қатысушылар  50 880 теңгеден – 55 200 теңгеге;

Ұлы Отан соғысының мүгедектері  50 880 теңгеден – 55 200 теңгеге;

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер  19 685 теңгеден – 21 356 теңгеге;

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендер   24 009 теңгеден – 26 048 теңгеге;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жесіріне  14 247 теңгеден – 15 456 теңгеге;

Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 14 597 теңгеден – 15 836 теңгеге;

Қайтыс болған соғыс мүгедектері, соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі(ері) 8 141 теңгеден – 8 832 теңгеге;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы еңбегі үшін… 6 774 теңгеден – 7 349 теңгеге;

Чернобыль АЭС-дағы апат зардаптарын жоюға қатысушылар 19 685 теңгеден – 21 356 теңгеге;

Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек немесе зейнеткер болып табылатын 3 403 теңгеден – 3 692 теңгеге;

Қ.Р ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдар  3 403 теңгеден – 3 692 теңгеге;

Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік пен Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 15 264 теңгеден 16 560 теңгеге арттырылды.

Әнуар  Ілеспаев, Енбек және әлеуметтік қорғау

комитетінің Шымкент қаласы бойынша

департаментінің зейнетақы және әлеуметтік

қамсыздандыру  бөлім басшысы.

 

             Базалық зейнетақы төлемінің 01.01.2023 жылдан мөлшері

Базалық зейнетақы төлемі, оның ішінде еңбек өтілі бойынша: ЕТКД МӨЛШЕРІ 
10 жыл және одан төмен 60% 40567           24341
11 62% *           25152
12 64% *           25963
13 66% *           26775
14 68% *           27586
15 70% *           28397
16 72% *           29209
17 74% *           30020
18 76% *           30381
19 78% *           31643
20 80% *           32454
21 82% *           33265
22 84% *           34077
23 86% *          34888
24 88% *           35699
25 90% *           36511
26 92% *           37322
27 94% *           38133
28 96% *           38945
29 98% *           39756
30 және одан жоғары болғанда 100% *           40567
31 100% *           40567
32 100% *          40567
33 100% 40567          40567

 

 

 

 

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика