Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Жаңа жылда – жаңа қызмет – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Жаңа жылда – жаңа қызмет

И.Тасмағамбетов

Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы лауазымына кірісті. Бұл қызметке ол 3 жылға тағайындалды.

Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі – ҰҚШҰ-ның жоғары органы. Оның құрамына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Президенттері мүше. Дәл осы кеңестің келісімімен ҰҚШҰ бас хатшысы тағайындалады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бұл қызметті Беларусь елінің өкілі генерал-лейтенант Станислав Васильевич Зась атқарып келген болатын. Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов кезінде ҚР Премьер-Министрі, Мемлекеттік хатшы, Қорғаныс министрі қызметтерін атқарғаны белгілі. 2019 жылы 18 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы зейнет жасына толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылған.

ххх

Ғ.Қойшыбаев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.

Зүлфия Сүлейменова

Ал, Серікқали Аманғалиұлы Брекешев Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова тағайындалды.

ххх

Ғани Бейсембаев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымынан босатылды. Бұл қызметке Ғани Бектайұлы Бейсембаев тағайындалды

ххх

Марат Қарабаев

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев та Презхиденттің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды.

Ххх

Асхат Оралов

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті  бұған дейін Дәурен Әскербекұлы Абаев атқарып келгені белгілі.

ххх

Азамат Есқараев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған