Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫ ТАСУЫ МҮМКІН БЕ?

ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫ ТАСУЫ МҮМКІН БЕ?

Сырдария өзенінің ағысы арта түскен. Сол себепті де Шардара су қоймасына жіберілген су көлемі көбейіп отыр. «Шардара су қоймасында апаттық жағдай орын алған жағдайда төменгі бөліктегі 34 мың халық тұратын 22 елді мекенді су басу қаупі бар». Осылай деп дабыл қаққан мамандар соңғы күндері су қоймасына орташа есеппен 1500 м3/сек немесе тәулігіне 42 млн. м3 су келіп, су қойманың төменгі ағысына  1011 м3/сек су босатылып жатқанын баяндады.  Бұл су қоймасының мерзімінен бұрын толуына әкеп соғады. Көктемгі жауын-шашында су тасқыны орын алу қаупі бар деген сөз.

Облыс әкімінің қатысыумен өткен алқалы жиында су шаруашылығы саласының мамандары стратегиялық маңызы бар Шардара су қоймасындағы қауіпке  Үкімет назар аудармаса болмайтынын айтты.

Жиынға облыс басшысы Дархан Сатыбалды, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Маханбет Жазықбаев, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Күлән Қожамқұлова, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазбек Бедебаев қатысты. Облыс әкімі күн тәртібінде күйіп тұрған бұл  мәселеге орай тағы да сараптау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Айта кету керек, Сырдария өзенінің бойынан салынған  жасанды теңіз –Шардара су қоймасы жарты ғасырдан асам уақыт бұрын пайдалануға берілген. Қойманың көлемі – 5200 млн.м3. Онда қазір 4 млн.м3 астам су бар. Көксарай су реттегішіндегі су көлемі де артқан.

«Қазсушар» РМК Түркістан филиалының басшылығы Түркістан облысында су қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіп-қатерлерінің алдын алу үшін, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне  наурыз айына дейін «Шардара» су қоймасының толуын 70 % -дан  (3 600 млн.м3) асырмау және «Көксарай» су қоймасын 1600 млн.м3 асырмау керек деген ұсыныс айтып отыр. Қауіптің алдын алу үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан мәселені мемлекетаралық келіссөздер арқылы шешуге ықпал жасаудың маңыздылығын айтады. Су шаруашылығы саласының мамандары су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайдың алдын алу жөнінде Үкімет деңгейінде штаб құрудың маңыздылығын көтеруде. Аталған мәселелер бойынша Үкімет пен тиісті министрлікке хат жолданды.

Сала мамандары су астында қалған Мақтаарал ауданындағы жағдайды алға тартып отыр. Екі-үш жыл бұрын жарылған Сардоба су қоймасының салдарынан бүкіл бір аудан халқы зардап шеккені әлі есте. Ал, сол Сардоба су қоймасында 900 млн. текше метр су жиналса, Шардара су қоймасындағы су көлемі одан 5-6 есе көп. Сондықтан шұғыл түрде Шардара су қоймасының жанынан апатты су қашыртқы салынуы қажет.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика