Көмірқышқыл газы- түссіз иіссіз, жоғары токсинді газ. Улану әсері кезінде көмірқышқыл газы тыныс жолдары арқылы қанға өтіп, гемоглобиннен оттегіні ысырып, ағзадағы оттегіні тіндерге тасымалдау қызметін бұзады. Содан организмде жедел оттегіге ашығу болады. Уланудың жеңіл дәрежесінде: бастың ауруы, жүрек соғысының өзгеруі, маңдай мен төбе аймағында ауырсыну сезімі, көз алдында ұсақ дақтар, және құлағында шу болуы, тері қабаттары қызарып, жүректің қатты соғуы, құлағы бітеліп, дірілдеу, әлсіздік, жүрегі айну мен құсудың пайда болуы. Уланудың ауыр дәрежесінде жоғарыда айтылған белгілер мен бірге ұзаққа созылған бұлшық еттің ауырсынуы, қарашықтың кеңейіп, тынысының тарылуы, есі шатасып, ұйқышылдықтың пайда болуы. Жүрек соғысы әлсіреп, тыныс алудың баяулауы. Көмірқышқыл газымен улану кезінде алғашқы көмек барынша жедел көрсетілуі тиіс. Жедел, жәрдем шақырып, ол келгенге дейін науқасты таза ауаға шығарып, арқасымен горизонталды жатқызу қажет. Денесін қысып, тыныс алуға кедергі жасап тұрған киімдерін шешіндіріп, бетіне, кеудесіне су себіледі. Егер науқас есін жимаса мүсәтір спиртімен мұрнына иіскетіп тітіркендіріледі. Егер бұл шаралар көмектеспесе жүрегіне жабық массаж және жасанды тыныстандыру жасалуы тиіс.
Көмірқышқыл газымен уланудың себептері:
-пешпен жылытуды пайдалану ережелерін бұзу (пеш жапқышын уақтылы жаппау, отынға таза ауаның жеткіліксіз болуы, яғни нашар тарту);
-пештің және түтіндіктің ақаулы жұмысы (пеш конструкциясындағы жарықтар, бітелген түтіндік)
-адамның өрт құшағында қалып кетуі;
-пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес пайдаланбау;
-жылыту жүйелеріндегі ақауларды дер кезінде жоймау;
-көліктің қозғалтқышы қоулы болып, жеткілікті ауа айналымының болмауы;
Көмірқышқыл газымен уланудың алдын алу:
-газды құрылғыларды өздігінен жөндемеу;
-газдық құрылғылардың дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын ара-арасында тексеріп отыру;
-пәтерді үнемі желдетіп отыру;
-қосулы тұрған газды бағанасы бар бөлмеде отырмау;
-газды пешпен немесе тұмша пешпен (духовка) бөлмені жылытпау;
-бір уақытта газды пештің барлық комфоркаларын қоспау;
-пештің бүтін ақаусыз екенін қолданбастан бұрын тексеру;
-жабық көлік жайдың (гараж) ішінде, қозғалтқышы қосулы көлікті жөндемеу;
Жоғарыда айтылған ережелерді қатаң сақтаған жағдайда ғана өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін құтқарып қалуға мүмкіндіктеріңіз болатынын есте сақтаңыз.
Гаухар Рахметова,
Шымкент қаласы Қаратау ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бас маманы.