Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » «Күлімхан ене» заттарын қорға өткізді

«Күлімхан ене» заттарын қорға өткізді

Белгілі кино, театр актрисасы, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, өнертану профессоры, халықтың сүйіктісіне айналған Ләйла Ақназарқызы Бекназар өмірі мен өнеріне қатысты бірқатар құжаттар мен суреттерді, заттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жеке тектік қорына тапсырды.

Ол киносүйер қауымға отандық «Келінжан» телесериалында Күлімхан ене образы арқылы, «Ана жүрегі» сериалында судья ханым образы арқылы етене таныс. Ләйла Ақназарқызы тетарда әсіресе, Дулат Исабековтың пьесалары бойынша қойылған «Актриса», «Бөрте» спектакльдері арқылы да көрерменнің ыстық ықыласына бөленген өнер қайраткері. Ол ойнайтын «Бопай ханым», «Ізгілік формуласы», «Алтын тордағы тоты», «Асауға тұсау», «Мен ішпеген у бар ма?» сынды спектакльдерге арнайы баратын өз көрермені бар.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика