Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » «Мұқағали» – 10 сыйлық алды

«Мұқағали» – 10 сыйлық алды

Белгілі кинорежиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмі көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туындылардың бірі. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін фильм жайлы көрерменнен бөлек киносыншылар да өз бағасын беруде. Жақында осы картина Мумбайда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасындағы кинофестивальге қатыспақ. Бұл додада «Мұқағали» фильмінің режиссері  «Үздік режиссер» номинациясы бойынша конкурстық бағдарламаға іріктеуден өткен. Құдай сәтін салса Болат Қалымбетовтың қанжығасы майланғалы тұр. Жүлдегер атансын дейміз.

Орайы келгенде айта кету керек, «Мұқағали» көркем фильмі бір жылда 10 халықаралық сыйлыққа ие болған отандық туынды.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика