Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Шымкентте білім саласында 44 қылмыс тіркелді

Шымкентте білім саласында 44 қылмыс тіркелді

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында білім беру саласы бірінші орында тұр. Соңғы 5 жылда бұл салада жемқорлыққа қатысты 44 қылмыс тіркелген, олар бойынша 16 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, оның 9 түрлі дәрежедегі басшылар. Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Дәурен Ерғарин осылай деп отыр.
–Осыған байланысты, бұзушылықтардың қайталануын болдырмау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.
Арнайы топ бейінді басқарманың ішкі процестерін, атап айтқанда, педагогтерді жұмысқа орналастыруды, аттестаттауды, оқушыларды тамақпен қамтамасыз етуді, жан басына шаққандағы қаржыландыруды, оның ішінде 2022 жылы игерілген 200 млрд. теңгеден астам қаражаттың мақсатты жұмсалуы мен ашықтығын зерделейді.
Сондай-ақ, болашақта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында аталған барлық бағыттар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан мұқият зерделенетін болады,- дейді ол.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті қалалық білім басқармасы мен бағынысты мекемелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде.

Егер Сізде шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауды сұраймыз.

WhatsApp нөмірі: 8 747 741 7628

Эл.пошта: taldau2023.2024@gmail.com

Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.  Сыбайлас жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытыңыз!

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика