Шымкентте “KASIET” фитнес-клубында 5 жасар бала тұншығып қалды

Кеше қаңтардың 29-ы күні Шымкентте  “KASIET” фитнес-клубында 5 жасар бала бассейінге батып кетті. Бұл туралы Шымкент қаласы ТЖД дағдарыс жағдайларды басқару басқармасына Жедел медициналық қызметтен хабарлама келіп түскен.  Онда 29 қаңтарда сағат 17.25-те  2018 жылы туған бала бассейнге батып кеткені туралы айтылған. Бассейін балаларға арналған.

Айта кету керек бұл фитнес-клуб қаланың Тұран ауданы, 8 шағынауданында, Үркімбаев көшесінде орналасқан. Балалар бассейнінің тереңдігі 1,2 м.ені 5 м. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

“Құрметті ата-аналар! Сақ болыңыз! Ешқашан балаларды қараусыз қалдырмаңыз! Балаларды бассейн аумағында және ішінде өзін дұрыс ұстауға үйретіңіз!” дейді Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс жөніндегі тобы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған