Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Ордабасыда тасқынға қарсы дайындық пысықталды

Ордабасыда тасқынға қарсы дайындық пысықталды

     Биыл елімізде, оның ішінде оңтүстікте қар қалың түсті. Бұл көктемгі су тасқынына себеп болуы мүмкін. Бұл мәселе Үкімет отырысында да бірнеше рет көтерілді. Сол себепті бүгінде облыс көлемінде тасқынның алдын алу жұмыстары жан-жақты ұйымдастырылуда.

Осы мақсатта Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Қараспан, Бадам, Бөржар елді мекендеріне арнайы барып, қашыртқылардың, су алу қаупі болуы мүмкін орындарды көріп, «Теспе», «Бөржар» су қоймаларының жағдайымен танысты. Нәтижесінде тиісті сала мамандарына, ауыл әкімдеріне су тасу қаупінің алдын алу үшін Батыр ата ауылындағы И.Есенберлин атындағы мектептің жоғарғы жағындағы «Құртай» каналынан келетін қашыртқыны тазалауды, осы аукылдың бұрылысына диаметрі үлкен құбыр орнатуды, Берген Исаханов ауылының сыртындағы тоспаны ауыстыруды және басқа да бірқатар ауылдардағы қауіпті делінген аумақтардағы ішкі арықтарды механикалық тазалауды тапсырды. Бадам ауылындағы «Керіш» каналының алдындағы сайға су толмауы үшін жиналатын суды аталған каналға жіберу керектігін айтып, тасқын алу қаупі бар көпірлерді сақтау үшін суды өзенге ағызудың қамына қазірден кірісу керектігін ескертті.

Нұрбек Бақтыбайұлы алдағы уақытта да бұл мәселе жіті бақылауында болатынын айтып, жұмысты босаңсытпауды тапсырды.

Жанар Аршабаева,

Ордабасы ауданы.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика