Белгілі тарихшы, саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы МБА, дипломатия институтының аға оқытушысы Жандос Қарынбаев жақында Шымкентте болған сапарында әл-Фараби атындағы кітапханаға «Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында» атты кітабын тарту етті. Мазмұны тарихи деректерге толы бұл кітап Қазақстанның Польша Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған дипломат, жазушы, бірнеше мақалалардың және екі кітаптың авторы Марғұлан Баймұханмен бірлесе отырып шығарған дүниесі. Қазақ-поляк дипломатиялық байланыстары орнауының 30 жылдығына арналған кітаптан көп мағлұмат алуға болады.
Екі ел арасындағы саяси байланыс пен танымал тұлғалардың тарихи мысалдары топтастырылған кітапты оқуға асыққандарды әл-Фараби кітапханасы құшақ жая қарсы алмақ. Барып, кітап оқып тұрыңыз, оқырман!