Шымкентте 50 ден астам әйел тексерілді

Нәтижесінде 2 әйелден қатерлі ісік, 16-сынан обыр алды аурулар және 35 -нен басқа да ауру белгілерін анықтады.
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының жоспарына сәйкес Шымкент қалалық онкологиялық орталығында жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылған еді. Тексеру барысында онкогинекологтар, УДЗ дәрігерлері, цитологтар 50-ден астам қыз-келіншекті тегін тексерулерден өткізіп, кеңестер берді. Қабылдауда 46 пациент сүртпелер цитологиялық тексеруге алынса, 18 әйелге ультродыбыстық тексеру жасалды.  Қатерлі ісікке шалдыққан және обыр алды анықталған науқастар орталықта толық тексеруден өтетін болса, түрлі гинекологиялық ауруларға шалдыққандар жергілікті емханаларға жолданды.
Айта кетейік, профилактикалық тексерулер тұрғындардың денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, онкологиялық ауруларға шалдыққандар арасында өлім-жітімді азайтып, өмір сүру ұзақтығын қамтамасыз етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған