ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕР!
Көптеген жаңадан бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ өтілі бар кәсіпкерлер эпидемиялық маңызы бар объектілерді ашу кезінде (сауда және қоғамдық тамақтану орындары, тамақ өнімдерін өндіру объектілері, сүт өңдеу, ет өңдеу, балық өңдеу, құс өңдеу, ұн тарту объектілері және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесінде көрсетілген басқа да объектілер. Объектілер тізбесінің сілтемесі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021710 бір маңызды қажеттілікті ұмытады.
Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды), тиісті рұқсатты алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруы рұқсат етілмейді
1. Рұқсатты жеке немесе заңды тұлғалар алуы тиіс, және ол рұқсат жарамды болуы тиіс, ал хабарламаны жеке немесе заңды тұлға заңмен рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекетті (операцияларды) жүзеге асыруды бастағанға дейін жіберуі тиіс.Кәсіпкерлер хабарлама берілгенге дейін объектіні санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіруі қажет.
Осыған байланысты Шымкент қаласы Қаратау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ыңғайлы және түсінікті болу мақсатында, объектіге рұқсат беру құжатын алу және хабарлама жіберу үшін электронды форматта өтініш беру алгоритмдерін әзірледі.
* Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объекті үшін рұқсат беру құжатын алу үшін электрондық форматта өтініш беру алгоритмі:
1. ЭЦҚ-ны (электрондық цифрлық қолтаңба) алу.
2. www.elicense.kz порталында тіркелу.
3. «Денсаулық сақтау» бөліміне кіріп – «Рұқсаттар» – Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру және тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру. Жобаларға, өнімге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (керегін таңдау).
4. Қызметке тапсырыс беру – (аумақтық Департаментті немесе аудандық басқарманы таңдайсыз), барлық пункттерді толтырып лабораториялық сынамалардың хаттамасын қоса тіркейсіз.
5. ЭЦҚ арқылы қол қою.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күн.
* Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объект қызметінің (пайдалануының) басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберу үшін алгоритмі
1. ЭЦҚ-ны (электрондық цифрлық қолтаңба) алу.
2. www.elicense.kz порталында тіркелу.
3. «Денсаулық сақтау» бөліміне кіру – «Хабарлама тәртібі» – Эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объект қызметінің (пайдаланудың) басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.
4. Қызметке тапсырыс беру (аумақ бойынша аудандық басқарманы таңдайсыз).
5. Хабарламада объекті туралы қажетті ақпаратты көрсету қажет, жұлдызшамен белгіленген барлық бағандарды толтырасыз.
6. Жүзеге асырылатын қызмет түрін көрсетесіз (мысалы: лаваш сату бойынша сауда нүктесі).
7. ЭЦҚ-мен хабарламаға қол қоясыз (хабарлама мен талонды жүктеп аласыз).
А.Дербисова,
Шымкент қаласы Қаратау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.