Кентау қалалық ауруханасына бауырдың эхинококк кистасымен науқас жеткізілді. Сауран аудандық емханасы 2011 жылы науқасқа тиісті тексерулер жүргізіп, нәтижесінде науқастан бауырдың эхинококк кистасын анықтаған. Науқасты жолдамамен жоспарлы түрде Кентау қалалық ауруханасына жоспарлы түрде жатқызды. Жылына айтулы диагнозбен 10-15 науқасқа МӘМС есебінен ота жасалады екен.
2011 жылығы науқасқа аурухананың білікті дәрігер-хирургі Жәңгірхан Бимаханұлы және реаниматолог-анестезиолог Ержан Ысқақұлы отаны сәтті жасады. Бүгінде науқастың жағдайы тұрақтанды. Күрделі ота МӘМС есебінен жасалды.
-Өткен жылы медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған едім. Санатым өзің-өзі жұмыспен қамтыған адаммын. Тіркелген емханада учаскелік дәрігер МӘМС жүйесіне қатысу тәртібін түсіндірді. Мұнан соң, ауыл тұрғыны ретінде 1725 теңгеден БЖТ ай сайын төлей бастадым. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы ретінде қымбат талдаулар мен емдік шараларды уақтылы алдым. Дәрігермен ақылдасып, отаны Кентау қалалық ауруханасында жасатуды сұрадым- дейді, науқас.
2022 жылы Кентау қалалық ауруханасында тегін медициналық көмек кепілдік берілген көлемі мен МӘМС аясында 24 829 адам емделді. Науқастардың ем-шаралары үшін 1, 4 млрд. теңге медициналық сақтандыру қоры есебінен төленді.
Кентауда бауыр кистасына ота жасалды
