Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
750 кг иттің етін тәркіледі – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

750 кг иттің етін тәркіледі

Ит аулап, етін дәмханаға өткізіп келген адам қолға түсті. Бұл туралы ақпаратты Almaty-akshamy.kz. сайты жариялап отыр. Оқиға Ақмола облысында болған. Иттің етін сатып дәніккен ер адамды еріктілер қолға түсірген екен. Қылмыскерді полицияға тапсырған олар «иттің етін кафе, дәмханаларға өткізіпті. Ал оны қаншама адам білмей жеп жүрді. Ол ит ауру ма, сау ма кім біледі?!» деп ащынады.

Ит аулаушы қаскөйді қолға түсіру оңай болмаған. Еріктілер алдымен иттің етін сатып алушы болып хабарласып, саудаласқан.

Полиция анықтағанындай иттің етін сатушы тендер бойынша 18 аудан аумағынан бұралқы, қаңғыбас иттерді аулауға міндеттеме алған.

Өзінің айтуынша ауланған бір жарым тонна иттен 700 килограмм ет жонып алған екен. Иттің етін аз мөлшерде сатпайтын болып шықты. Көтересіне, кафе, ресторан қожайындарына өткізуге машықтанып алыпты. Еріктілермен саудаласу барысында «етті мұқият пісіруді, себебі, еттің арасынан чип немесе оқ шығуы мүмкін» екенін де түсіндірген.

Ендігі жерде бұл адамнан ет қабылдап келген кафе, ресторандар да тексеріліп, қожайындарына жаза қолдану керек дейді, еріктілер. Сонда ғана арзан тауарды малданып, адамдарды харам азықпен тамақтандырып, табыс тауып келгендерге тиым болмақ. Оның үстіне, көшеде санитарлық талаптарға сай келмейтін ет қосылған тағамдарды дайындаушылар осындай арзан етті пайдаланып жүрмесіне кім кепіл?
Олай болса, қоғамдық тамақтану орындарын таңдағанда сенімді, тамағы таза, адал ас ұсынушы мекемелерді таңдағаныңыз абзал.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған