Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Инклюзивті оқыту – жетістікке жетуге ықпал етеді – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Инклюзивті оқыту – жетістікке жетуге ықпал етеді

Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сапалы біліммен қамту өзекті мәселенің біріне айналды. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2022 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту жан-жақты қарастырылған.

Инклюзивті оқыту – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция үдерістерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Бұл жүйе негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады. Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Ал әлем ғалымдары инклюзивтік білім беру жүйесін барлық балаларды, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат деген анықтама береді.

Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттелген. Олар: жалпы мектептерге арналған типік оқу бағдарламалары, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі  №343 заңында ерекше білім беруді қажет ететін барлық балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы деп шешілген. Атап айтсақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады. Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады.

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – оқу процесі барысында оқушыны қолдаудың түрін, формасын, көлемін анықталған оқу қиындықтары, олардың пайда болу себептері мен механизмдері негізінде белгілеу. Оқу процесі барысында қиындықтары бар балаларды анықтау және олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау. Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсету, қажеттіліктерді бағалауды мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің мамандары жүргізеді (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог). Олар ата-аналарын кездесуге шақырып, балалардың оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау туралы мұғаліммен бірге хабардар етеді.

«Қазақстан Республикасының Білім  беруді дамытудың 2010-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, мына міндеттерді шешу көзделген: ерекше қажеттілігі бар балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады; жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді; олар үшін бірігу нысандары анықталады; ерекше қажеттілігі бар балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.

Айғаным Кыстаубаева,

Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі

                                       

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған