Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Шымкентте көше аттарында қате көп – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Шымкентте көше аттарында қате көп

  Оны жөндеуге тырысып жатқан билікті байқамайсың. Адасып, шатасып жүрген адамдар. Өздері тұрып жатқан көшенің кімнің атында екенін білмейтін тұрғындар. Осының бәрін түсіндіріп, қатені түзетіп отыратын қала әкімдігінің тиісті сала мамандары көрінбейді. Көрінбек түгілі, бұл кімге қатысты екенін табу да қиын. Бір-біріне сілтеген мемлекеттік қызметші көп. Ал, көшенің қатесін түзететін арнайы бөлім, маман жоқ.

Мысалы, Кеңестер Одағының Батыры, жерлесіміз Абылай Әлімбетов атындағы көшеде үйлердің сыртындағы «Ә.Әлімбетов көшесі» деген қате жазу бірнеше жылдардан бері тұр. Мына түрімен батырдың Абылай деген есімі қалай оқылады?

Қаланың қақ ортасынан өтетін Ж.Адырбеков көшесіндегі бір-екі ғимараттың сыртында «Ж.Адырбекова көшесі» деген жазу тұр. «Жеңіс» саябағына жақын жерде Жанқожа батыр атында көше бар. Қаланың Еңбекші ауданына қарайды, Тәуке хан даңғылымен қиылысады. Жанқожа батыр атындағы тағы бір көше Шымкенттің «Түркістан» шағын ауданында да бар. Ондағы үй қабырғаларында «Жаңқожа батыр көшесі» деп қате жазылған. Дұрысы – «Жанқожа».

Аталған шағын ауданда Жүсіпов атындағы көше бар. Ондағы үйлерде көше атауы «А.Джусупов көшесі» деп жазылған. Қазақ қашан өз баласына Джусуп деген есім беріп еді? Бұл сілтеме-көрсеткіштерді әзірлеп, ілу үшін аз қаржы жұмсалмағаны, енді оны түзетер болса тағы да шығын болатыны анық.

Негізі бұл біздің көзіміз шалып жүрген қателіктердің кейбірі ғана. Мұны сауатсыздық пен жауапсыздықтың, немқұрайдылықтың бір көрінісі. Өкінішке қарай, күнде көріп жүрсе де бұған ешкім назар аударып, мән бермейді. Көше атауларында жылдар бойы тұрған мұндай қателіктерге көз жұма қарамай, оларды ертерек түзетіп қойса дұрыс болар еді.

           Х. АСАН.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған