Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Құқық » Жәндіктерге дезинсекция жасалуы тиіс!

Жәндіктерге дезинсекция жасалуы тиіс!

           Дезинсекция – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін қолданылатын санитариялық шаралардың бірі. Дезинсек­цияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олар­дың өсіп­-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Десекте қазіргі таңда жеке меншік рұқсатсыз қызмет етіп жатқан дезин­секциялық ұйымдардың көбеюі, сапа­сыз дезинсекциялық жұмыстардың жүр­гізілуі халыққа зардабын тигізуде. Дезинсекциялық жұмыстар жа­сайтын құрылғылар Қазақстан Респуб­ликасында рұқсат етілген болуы тиіс (оны мына сайттан қарасаңыз болады: mz.gov.kz). Жұмыс жүргізу үшін жасы 18-­ден кем емес арнайы медициналық талап­тарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы жұмысқа босатылады. Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге құқылы болып табылады. Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер арнайы оқу­-тәжірибеден өткен және де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек. Өзі атқаратын жұмыс бойынша теориялық білімі мен еңбек  өтілі бо­луы керек. Қызметкерді қауіпсіздік шаралары бойынша теориялық білімін кем дегенде 3 айда бір рет тексеруден өткізу керек. Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік техникасы талап­тарына сай арнайы киіммен және жеке бас қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс. Дезинсекция қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалардың бас­шылары: дезиинфекциялық қызметті жүзеге асыру процесінде өзіндік және қоғамдық қауіпсіздік шараларының сақталуын; өндірістік бақылауды, соның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақ­тарды өткізу арқылы жүзеге асыруды; халыққа, халықтың санитариялық­ эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведом­ствосының аумақтық бөлімшелеріне халықтың денсаулығына қауіп төндіре­тін апаттық жағдайлар немесе техноло­гиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді. Объектілерде дезинсекциялық, дера­тизациялық іс­-шаралар объекті әкім­шісінің (тапсырыс берушінің) өкілі бол­ғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй­ жайдағы адамдарды іс­-шаралардың жүргізілуі және тиісті сақтандыру шара­лары туралы алдын ала хабардар ету қажет. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өң­деуге қатысы жоқ адамдардың, сондай­-ақ үй жануаларының болуына рұқсат етілмейтіндігін  Еңбекші  ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау  басқармасы ескертеді.

Н. Ешенқұл,

Еңбекші ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау  басқармасының бас маманы.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика