Артық болмас білгенің…

ҚР ДСМ –нің 2020 жылғы 11 тамыздағы №ҚР ДСМ-96/2020 «Денсаулық сақтау обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы негізінде күтіп –ұстауға қойылатын санитариялық қағидалары

“Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Санитариялық қағидалар мыналарға: 1) денсаулық сақтау объектілерін салуға жер учаскесін таңдауға және жобалауға; 2) денсаулық сақтау объектілерін сумен жабдықтауға және суды бұруға; 3) денсаулық сақтау объектілерін жарықтандыруға, желдетуге және ауасын баптауға, жылумен жабдықтауға; 4) денсаулық сақтау объектілері үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға; 5) денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге; 6) денсаулық сақтау объектілерінде медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға; 7) денсаулық сақтау объектілерінде тамақтану жағдайларына; 8) персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды; 9) инфекция ошақтарын шоғырландыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды қамтиды.

«Денсаулық сақтау обьектілерінің үй жайларын жөндеуге, күтіп ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бойынша: Үй-жайларды ылғалды жинау (еденді, жиһазды, жабдықты, терезе алдын, есіктерді) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, тәулігіне кемінде екі рет, операциялық бөлмелерде операциялар арасында жүргізіледі.  Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларына күрделі жинау жүргізу кезінде мына талаптарды сақтау қажет: 1) жұмыскерлер арнайы бөлінген санитариялық киімді пайдаланады және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ) пайдаланады; 2) жинау бір рет қолданылатын сулықты немесе көп рет қолданылатын дезинфекцияланған шүберекті пайдаланыла отырып жүргізіледі; 3) үстіңгі беттерді ылғалды жинау жуу құралдары ертінділерімен мынадай тізбекпен жүргізіледі: төбе, терезелер мен терезенің алды, қабырғалар мен есіктер – жоғарыдан төмен қарай, жабдық, еден – төр жақтағы қабырғадан есікке қарай, дәретхана соңғы кезекте жиналады; 4) қолданылған жуу құралдарын шаю бір рет қолданылатын сулықты немесе көп рет қолданылатын дезинфекцияланған шүберекті пайдалана отырып сумен жүзеге асырылады; 5) қабырғаларды, терезенің алдын, еденді, жабдықтарды, жиһаздарды дезинфекциялау оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес химиялық дезинфекциялау құралдарымен жүргізіледі; 6) санитариялық киімді және қорғаныш қолғаптарын тазасына ауыстыруды жұмыскерлер қолданылған химиялық дезинфекциялау құралдарын шаю кезеңінің алдында жүргізеді; 7) үй-жайларды күрделі жинау жүргізілгеннен кейін жинау мүкаммалын дезинфекциялау, тазалау және кептіру жүргізіледі; 8) жинау аяқталғаннан кейін нұсқаулыққа сәйкес есепті уақытқа бактерицидті сәулелегіштер қосылатынды.

«Денсаулық сақтау обьектілерінде қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес: Медициналық қалдықтарды жинау, залалсыздандыру, сақтау және денсаулық сақтау объектілерінен шығару денсаулық сақтау объектісінің басшысы бекіткен Қалдықтармен жұмыс істеу бағдарламасына сәйкес орындалады, ол: 1) сыныптары бойынша пайда болатын қалдықтардың құрамын; 2) медициналық қалдықтарды жинау тәртібін; 3) қалдықтарды зарарсыздандырудың (залалсыздандырудың) және жоюдың қоданылатын тәсілдерін; 4) қалдықтармен жұмыс істеу схемасын; 5) персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық оқытуды көздейді. Медициналық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін ұйымдастыру мақсатында денсаулық сақтау объектісі басшысының бұйрығымен осы Санитариялық қағидалар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын жауапты тұлға тағайындалады.  Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластик сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер пайдаланылады. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластик сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылады.  Медициналық қалдықтардың сыныптамасы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес айқындалады. Қалдықтардың әрбір сыныбын жинау үшін қаптардың, пакеттердің, сыйымдылықтардың түсі әртүрлі болады: 1) “А” сыныбы қалдықтары – қара; 2) “Б” сыныбы – сары; 3) “В” сыныбы – қызыл; 4) “Г” сыныбы – ақ. “А” сыныбы медициналық қалдықтарын жинауға мынадай талаптар қойылады: 1) жинау көп рет қолданылатын сыйымдылықтарда немесе бір рет қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады; 2) бір рет қолданылатын пакеттер арнайы арбаларда немесе көп рет қолданылатын сыйымдылықтардың ішінде орналасады. Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен арбалар “Медициналық қалдықтар. “А” сыныбы” деген тиісті жазумен таңбаланады. “Б” және “В” сыныптары медициналық қалдықтарын жинауға мынадай талаптар қойылады: 1) түсі сары немесе сары түсті таңбалауы бар бір рет қолданылатын жұмсақ ( пакеттерге) немесе қатты тесілмейтін қаптамаға (контейнерлерге) жиналады. Қаптаманы таңдау қалдықтардың морфологиялық құрамына байланысты болады; 2) шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және суға төзімді ЖҚКЖК-ға жиналады; 3) инелерді бөлуге арналған арнайы құрылғылар (ине шешкіш, ине бұзғыш, ине кескіш және басқалары) болған кезде пайдаланылған инесіз шприцтерді арнайы қондырғыларда зарарсыздандырылатын “Б” сыныбының басқа да медициналық қалдықтарымен бірге бір рет қолданылатын жұмсақ пакеттерге жиналады; 4) “Б” сыныбының органикалық, сұйық медициналық қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар суға төзімді контейнерлер пайдаланылады; 5) ЖҚКЖК көлемінің төрттен үш бөлігінен асырылмай толтырылады. ЖҚКЖК толтырылғаннан кейін қақпақпен тығыз жабылады және үш тәуліктен асырмай сақталатын медициналық қалдықтарды сақтауға арналған үй-жайға жіберіледі; 6) оларды бөлімшеден шығару үшін “Б” және “В” сыныбының медициналық қалдықтарын түпкілікті қаптамалау кезінде бір рет қолданылатын сыйымдылықтар ( пакеттер, ЖҚКЖК) бөлімшенің атауы, күні және қалдықтарды жинауға жауапты адамның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) көрсетілген ” Медициналық қалдықтар. “Б” немесе “В” сыныбы” деген тиісті жазулармен таңбаланады. “Г” сыныбы медициналық қалдықтары бөлімшенің атауы, күні және қалдықтарды жинауға жауапты адамның Т.А.Ә. көрсетілген “Медициналық қалдықтар. “Г” сыныбы” деген тиісті жазуы бар таңбаланған сыйымдылықтарға жиналады.  Қалдықтарды залалсыздандыруды арнайы қондырғыларды пайдалана отырып ұйымдастырған кезде “Б” сыныбының медициналық қалдықтарын жинау және сақтау алдын ала залалсыздандырусыз пайда болған жерінде, эпидемиологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілген жағдайда жүргізіледі.  “Б” сыныбының патологиялық-анатомиялық және органикалық операциялық медициналық қалдықтары (ағзалар, тіндер және тағы басқалар) кремациялануға (өртелуге) немесе зиратта арнайы бөлінген учаскеде көмілуге жатады. Инфекциялық аурулармен ауырған науқастардың қалдықтарын қоспағанда, мұндай медициналық қалдықтарды алдын ала залалсыздандыру талап етілмейді.  “В” сыныбының медициналық қалдықтары денсаулық сақтау объектісінде физикалық немесе химиялық әдістермен міндетті залалсыздандыруға жатады. “В” сыныбының залалсыздандырылмаған медициналық қалдықтарын ұйымның аумағынан тыс жерлерге шығаруға жол берілмейді. Сұйық биологиялық медициналық қалдықтар химиялық әдістермен залалсыздандырылғаннан (дезинфекциялаудан) кейін су бұру жүйесіне төгіледі.  “Б” және “В” сыныбының медициналық қалдықтарын денсаулық сақтау ұйымының аумағында мамандандырылған қондырғыдан тыс өртеуге тыйым салынады.  “Б”, “В”, “Г” сыныптарының медициналық қалдықтарын сақтау үшін стационарлық көмек және қуаты ауысымына 50-ден астам адамды қабылдайтын амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде механикалық іске қосылатын сыртқа тарту желдеткішпен, биологиялық қалдықтарды (бар болған жағдайда) сақтауға арналған тоңазыту жабдығымен, стеллаждармен, таразылармен, медициналық қалдықтары бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, ыстық және суық су өткізілген раковинамен, ауаны зарарсыздандыруға арналған қондырғылармен, қолға арналған антисептиктермен жабдықталған жеке үй-жай бөлмеде сақталады.

Т. Ахатаева,

Шымкент қаласы Қаратау ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

басқармасының жетекші маманы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған