Жылу беру жүйелерін пайдалану және жылу пештерін орнату кезінде, электр желісіндегі ток кернеуінің шамадан тыс көбеюінен, өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы салдарынан болып жатады. Әсіресе бұл кезеңде улы газбен улану факторлары жиі орын алады. Адам өміріне қауіпті улы газбен уланудың алдын алу үшін ең бірінші орында қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың өзі аса маңызды.
Улы газдан уланудың алдын алу үшін:
- Тек жарамды жабдықтарды қолданыңыз. Пеш қалауларындағы жарықтар, тазаланбаған түтіндіктер сол сияқты «ұсақ-түйектер» ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
- Пештер мен каминдерді қағидаларға сәйкес қолданыңыз. Желдету жүйесінің жұмысына жүйелі түрде тексеру жүргізіп, құбырларды уақытылы тазалаңыз, пештер мен каминдерді қалауда тек кәсіпқой мамандарға жүгініңіз.
- Автокөлік иелері, көлікжайда (гаражда) қозғалтқыш бөлігін қосулы күйде жұмыс жасамаңыз.
Улы газдан уланудың белгілері: Улы газ пайдаланылған газдың улы бөлігі. Көп жағдайда улы газдан улану көмірмен немесе газбен жағылатын пештерді немесе қазандықтарды дұрыс пайдаланбаудан туындайды. Адамға дер кезінде көмек көрсету үшін мұндай уланудың негізгі белгілерінен хабардар болуы қажет. Улы газ иіссіз болатындықтан тыныс алу ауасының құрамында 0,08% көмірқышқыл газы араласқан кезде адамның басы ауырып, тұншығу белгілері сезіліп, улануы мүмкін. Көмірқышқыл газының концентрациясы 0,32% дейін жоғарылаған кезде сал ауруының белгілері байқалып, есінен тану жағдайлары болады (өлім 30 минуттан кейін келеді). Концентрация 1,2% асқанда 2-3 тыныс алудан кейін адам есінен танып, кемінде 3 минуттан кейін өлімге әкеледі. Улы газдан улану кезіндегі көмек: мұндай жағдайда зардап шегушігн дәрігерге дейінгі көмектің дұрыс көрсетілуі өте маңызды. Ол үшін алдымен уланған адамды таза ауаға шығарып, аяғын сәл көтеріңкі күйде жатқызып, денесін тар киімін босатып, мүсәтір спиртін иіскетіңіз.
Егер адам есін біліп жатса оған тыныштық және үзіліссіз оттегі қажет, мысалы: газетпен желпуге немесе желдеткіш қосуға болады. Ал, зардап шегуші дем алмай жатса, алдымен тыныс алу жолдарын тазалап жасанды дем беру қажет. Ең бастысы «Жедел жәрдем» қызметін шақыруды ұмытпаңыз. Есіңізде болсын уланған адамды қауіпті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде өзіңіз бірге уланып қалмас үшін бірінші кезекте өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін тез әрекет етіп, қол орамалы немесе дәке арқылы тыныс алу керек.
Құрметті азамматтар! Жоғарыда айтылған ережелерді сақтап өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін тілсіз жаудан құтқарып қалуға мүмкіндік болатынын ұмытпаңыздар.
Т.Ахатаева,
Шымкент қаласы Қаратау ауданының
СЭББ жетекші маманы.