Вирустық гепатит — бұл гепатиттің 5 вирусының бірімен шақырылатын бауырдың қабынуы: A, B, C, D және E. Бұл вирустар әртүрлі жолдармен беріледі: А және Е гепатиті — ластанған тамақ өнімдері мен су арқылы; В гепатиті — қауіпсіз емес қан және ағзаның басқа да сұйықтықтары арқылы; С гепатиті — негізінен жұқтырылған қан және D гепатиті арқылы — В гепатиті жұғу жолдары: Аурудың таралу, жұғу механизмінің әртүрлі болуына байланысты гепатит түрлері 2 топқа бөлінеді: энтеральды (ауыз қуысы арқылы) – А, Е гепатит түрлері және парентеральды (қан арқылы) жұғу – В; Д; С; G гепатит түрлері. Гепатит «А»: – тұрмыстық қатынас жолымен – жеке бас тазалығы сақталмағанда, лас қол, ыдыс, ойыншық, тұрмыстық заттар арқылы; – су арқылы – лас суға түскенде, абайсызда су жұтып қойғанда және вируспен ластанған суды ішкенде; – тамақ арқылы – жуылмаған көкөніс, жеміс-жидек жегенде. Гепатит «Е» су арқылы Гепатит В, С, Д, G: – жарақаттанған тері, шырынды қабық арқылы егер вирус «тасымалдаушымен» тығыз қарым-қатынаста болса, (маникюр, педикюр, жиынтығы, мәуіт, тіс шеткасы және басқа да жеке бас гигиена құралдарын ортақ пайдаланған жағдайда); – қан құйылған кезде не одан дайындалған дәрілік заттарды пайдаланған кезде; – жыныстық қатынас арқылы; – кез-келген манипуляция жасау кезінде дұрыс, сапалы өңдеуден өтпеген медициналық бұйымдар арқылы; – парентеральды жолмен наркотиктер қабылдағанда; – сұлулық салоны мен шаштараздарда маникюр, педикюр, татуаж, татуировка жасатқанда егер санитариялық ережелер дұрыс сақталмаса; – баланы сүндетке отырғызғанда; – ауру анасынан туу жолдары арқылы нәрестеге жұғады.
Гепатитің алдын алу шаралары: Гепатит түрлеріне қарсы вакцинамен егу гепатиттің тек 2 түрінде жүргізіледі: А және В түрінде. Гепатит А-ға қарсы: – екі жастағы балалар; – АВГ ошағында байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптаны қоса алғанда он төрт жасқа дейінгі байланыста болған адамдар; – он төрт жасқа дейінгі балалар, В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын ремиссия кезеңіндегі науқастар егіледі. Егу курсы арасына 6 ай салып, 2 рет егіледі. Гепатит В түріне егілуге тиісті контингенттер: – нәресте дүниеге келгенде 12 сағат ішінде, 2, 4 айлық жасында; – барлық медицина қызметкерлері; – вирусты гепатит В ауруы ошағындағы отбасы мүшелері; – қан, оның компоненттері мен препарат- тарын құйдыртқан – реципиенттер. – меншік нысанына қарамастан медициналық бейіндегі жоғары және орта білім беру ұйымдарында оқитын адамдар; – алғаш анықталған АИТВ инфекциясын жұқтырғандар; – жиілікке қарамастан гемодиализге және тіндерді және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауға жататын алғаш адамдар; – онкогематологиялық науқастарға вакцинациялау жүргізіледі.
Алдың алу шарасы – дәретханадан соң тамақтанар алдында қолды сабындап жуу; – тек қауіпсіздігі анық немесе қайнатылған су ішу; – көкөніс пен жеміс-жидекті мұқият жуып, жеу; – тек шомылуға болатын жерлерде суға түсу (шомылғанда суды жұтып қоймауды қадағалау); – жеке бас тазалығына арналған заттарды тұтыну (орамал, мәуіт, бет орамал және т.б.); – ыдысты, үй-жай, мектепті таза ұстау; – мектеп ішін оқушылардың жуып-тазалауына тыйым салу; – салауатты өмір салтын ұстану; – сұлулық салоны мен шаштараздарда маникюр, педикюр, татуаж, татуировка жасатқанда әр тұтынушыға жеке құралды қолдану, санитариялық ережелерді қатаңқадағалау.
М.Сатымбекова, СЭББ эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы.