Зиянды еңбек жағдайындағы жұмыскерлерді алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өткізу талаптары заңдық негізде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 қазандағы «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және “Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу” мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына сәйкес « Зиянды еңбек жағдайындағы жұмыскерлер алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өткізіледі».
Міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер (бұдан әрі – алдын ала қарап-тексерулер) жұмысқа тұру немесе оқуға түсу кезінде кәсібі немесе оқу бойынша міндеттерді орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
Алдын ала қарап-тексеруден өту кезінде қызметкер немесе оқуға түсетін адам өзінде айналасындағыларға қауіп төндіретін және ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстар жағдайларында еңбекке медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылатын созылмалы аурулардың болуы туралы мәліметтерді өз еркімен ұсынады.
Міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулер (бұдан әрі – мерзімдік қарап-тексеру) жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі. Мерзімдік қарап-тексерулер әрбір 6 ай, 12 ай сайын мерзімділікпен белгіленген нысаналы топтарға байланысты жүргізіледі.
Жұмыс беруші ұйымға (кәсіпорынға) қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыскердің тіркелген жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп: 1) Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін басшылыққа ала отырып, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшелерімен келісе отырып, міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың тізімін 1 желтоқсаннан кешіктірмей жасайды; 2) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық (оның ішінде көліктегі) бөлімшесімен келісілген жұмыскерлерді сауықтыру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарын әзірлейді; 3) медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайлары бойынша еңбекке жарамсыз деп танылған адамдарды немесе еңбекке қарсы көрсетілімдері бар адамдарды жұмысқа жібермейді; 4) жұмыскерде кәсіптік ауру анықталған жағдайда, қорытынды актінің негізінде жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен аурудың байланысына сараптама жүргізу үшін кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді; 5) жұмыскерлерге жүргізілген медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды актінің ұсынымдарын орындайды.
Организмге зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері мен кәсіптік аурулардың белгілері бар, сондай-ақ өзінде бар ауруға байланысты кәсіптік жарамдылығын анықтау қиын болған жағдайларда және кәсіптік жарамдылыққа сараптама жүргізу мақсатында кәсіптік патология бойынша мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымға жіберіледі . Міндетті ауысым алдындағы (рейс алдындағы) медициналық қарап-тексеру (бұдан әрі – ауысым алдындағы қарап-тексеру) жеке тұлғада ауруды анықтау немесе барын немесе жоқтығын растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздығын, жұмысқа түсетін ауысымда (рейс) кәсіптік жарамдылығын, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуды немесе осындай тұтынудың қалдық көріністерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Ауысымнан кейінгі (рейстан кейінгі) медициналық қарап-тексеру (бұдан әрі – ауысымнан кейінгі қарап-тексеру) жұмыс күні (ауысым, рейс) аяқталғаннан кейін жұмыс ортасы мен еңбек процесінің зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторларының жұмыскерлердің денсаулық жағдайына әсер ету белгілерін, жіті кәсіптік ауруды немесе улануды, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуды немесе осындай тұтынудың қалдық көріністерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді ауысым алдындағы (рейс алдындағы), ауысымнан кейінгі (рейстан кейінгі) міндетті медициналық қарап-тексеруден уақтылы өткізуді өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі қарап-тексерулерді жүргізу үшін ұйым немесе медициналық ұйым жылыту, сумен жабдықтау, кәріз, жарықтандыру жүйелерімен жабдықталған, медициналық жабдықтармен және құрал-саймандармен жабдықталған арнайы үй-жай бөледі.
Ауысым алдындағы қарап-тексеру жұмыс ауысымы (кезекшілік) басталар алдында жүргізіледі, ауысымнан кейінгі қарап-тексеру жұмыс ауысымынан (кезекшіліктен) кейін маршруттық (жол) парақты, нарядты орындауға арналған тапсырманы көрсеткен жағдайда жүргізіледі.
Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлерді ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық қарап-тексеруді жүргізу журналында (бұдан әрі – Журнал) тіркеледі. Ауырмаңыз «Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда».
Г.Шонжанова,
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.