Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Тағам өнімдерінің таңбасынан нені білген жөн? – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Тағам өнімдерінің таңбасынан нені білген жөн?

Күнделікті өмірде өзіміз тұтынып жүрген азық-түлік, басқа да тауарлардың түріне, жалпы сипатына көпшілігіміздің мән бермейтініміз анық. Бұл дұрыс емес. Сондықтан, өзіңіз күнде дүкеннің сөресінен қолға алған затыңыздың сыртқы қорабына, жарамдылық мерзімі, шыққан жері, құрамындағы компоненттерін және басқа да өзіңізге қажетті ақпараттың барлығын саралап барып алғаныңыз жөн.

Таңбалаудың негізгі міндеті тауар туралы негізгі мәліметтерді тұтынушыларға жеткізу, сондай-ақ тауарды сәйкестендіру болып табылады. Тұтынушы таңбалау арқылы тауар туралы қажеттінің бәрін біле алады. Осы мәліметтердің барлығы Кеден Одағының Техникалық регламентіннің 022/2011 «Тағам өнімдерінің таңбалау бөлігінің» талаптарында көрсетілген. Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын негізгі талаптар:
– тамақ өнімдерінің атауы;
– тамақ өнімдеріне қатысты құрамы, тамақ өнімдерінің мөлшері, тамақ өнімдерінің жасалған күні, тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі туралы мәліметтер;
– дайындаушының сауда белгісі;
– тамақ өнімін дайындаушының атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ осы Кеден Одағы Техникалық регламентінде белгіленген жағдайларда дайындаушының уәкілетті тұлғасының атауы мен орналасқан жері, импорттаушы-ұйымның атауы мен орналасқан жері;
– тауардың негізгі тұтынушылық қасиеттері туралы, тағамның биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер және белгілі бір аурулар кезіндегі қарсы көрсетімдер туралы мәліметтер;
– тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
– тауар массасының шамасы, көлемі, саны;
– тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды қолданып алынған құрауыштардың бар-жоқтығы туралы деректер (өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген ағзалар болған жағдайда ГТА деп көрсетіледі);

Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнімдердің айналуының (ЕАС) бірыңғай белгісі болуы тиіс.
Тамақ өнімдерін таңбалау орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларында тиісті талаптар болған жағдайда Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерінде жазылуға тиіс.
Буып-түйілген тамақ өнімдерінің таңбалауында қосымша деректер, оның ішінде соған сәйкес тамақ өнімі жасалған және сәйкестендірілетін құжат туралы деректер, тауарлық белгіге айрықша құқығы бар иесі туралы деректер, тамақ өнімінің шығарылған жерінің атауы, лицензиардың атауы мен орналасқан жері, ерікті сертификаттау жүйесінің белгісі жазылуы мүмкін. Осы Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына қайшы келмейтін буып-түйілген тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын қосымша талаптар Кеден одағының тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған техникалық регламенттерінде белгіленуі мүмкін. Құрамында 150 мг/л-ден асатын мөлшерде кофеині бар алкогольсіз сусындар және адам ағзасына сергіту әсерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде емдік шөптер мен оның сығындысы «18 жасқа дейінгі балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің, сондай-ақ жүйке жүйесінің қозуымен, ұйқысыздық, артериалдық гипертензиямен ауыратын адамдардың тұтынуына ұсынылмайды» деген жазбамен таңбалануға тиіс.
Өзіміздің денсаулығымызға пайдасы бар, құнарлы тағамдарды таңдай білу үшін, жоғарыдағы айтылған тамақ өнімдерін таңбалауына қойылатын негізгі талаптарға аса мән беруіміз қажет. Егерде сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті. Бұндай ақпарат Сіздің денсаулық жағдайыңызға тікелей байланысты болады. Осы ақпараттың бәрімен таныса отырып, бірінші көзге түскен тауарды емес, сапалы әрі қауіпсіз тауар алып жатқандығыңызға сенімді боласыз.

Сапалы азық – денсаулық кепілі екенін ұмытпайық!

Б.Карибаева,

Шымкент қаласы Абай ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған