Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Бір жылда 12 емес, 13 ай бар…

Бір жылда 12 емес, 13 ай бар…

Осыған орай күнтізбені де өзгерту керек

Әрбір 28 күнде жаңа айдың туып отыруы өліара деп аталады. Биыл оразаны 29 күн тұттық. Бұл хижра күн есептеу бойынша Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) Меккеден Мәдинаға көшкен кезі, яғни Григорян күнтізбесімен 622 жыл болып есептеледі. Сол кезде хижра жаңа жылы деп бекіткен. Қазір біз жаңа жылды 1 қаңтарда – Григорян деген поптың дүниеге келген күнін тойлап жүрміз. Ал негізі қазақтың жаңа жылы – 22 наурыз.

Есептесек 13 тоғысу, 13 ай бар. Бұл ай мен Үркер жұлдызының тоғысуы. Қазіргі Мексика жеріндегі Мая деген халық 1 жылда 13 ай болу керек деп есептеген. Өйткені Үркер мен айдың тоғысуы 13 рет жүреді. Тіпті әйелдердің етеккірі де 13 рет келеді.

Еуропа 13 деген санды қаламайды. Негізі 28 күнді 13 айға көбейтсең 364 күн шыға келеді. Аспандағы ай 28 күнде толысып, жаңасы туып отырады. Сонда 1 жылда ай 13 рет туып, 13 рет өшеді. Сол 28 күннің алғашқы жаңа ай туған кездегі 3-4 күнінде ауа райы бұзылып, циклон болады. Айдың жаңаруын қазақтар өліара деп атаған. Содан соң аспандағы ай 15 күнде толады. Мұны айдың толу циклоны деп атаған. Бұл кезде де ауа райы құбылмалы болады. Ауа райын болжаушылар осыған қарап, жел тұрады, жаңбыр жауады деп айтып отырған.

Ай 28 күн, 4 аптадан тұрғанмен күнтізбе өзгермейді. Өзіңіз ойлаңыз, ай әр кезде 28, 29, 30, 31 күннен бітеді. Ай күнтізбеге қарамайды ғой. Оны адамдар кейін жасады. Мысалы, Қытайдың өз күнтізбесі бар. Бізде де солай болған. Бір кездері бүкіл дүние жүзі осы Григорян күнтізбесіне келіскен. Негізі оны өзгерту керек. Бірақ бұған әзірге ешкім бас ауыртып жүрген жоқ. Жалпы, біз табиғаттың өз заңымен жүруіміз керек қой. Олай болса күнтізбені өзгертіп, жылды 12 емес, 13 айға бөлу керек.

Бекбатыр Әйменов,

Отырар ауданы.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика