Көкала – жұқпалы ауру

Көкала – өткір вирусты, аса қауіпті жұқпалы, көктем-жаз мезгілдерінде бас көтеретін ауру. Ауру бірінші рет (1945-4947ж.) Қырымда, сосын Африкада (1967-1969ж.) тіркелуіне байланысты Конго-Қырым геморрагиялық қанды қызбасы деп аталған.

Ауру қоздырғышы – нейровирус қоршаған ортаға төзімсіз, оның тасымалдаушысы ретінде 27-ден астам түрі бар Иксод кенесі болып табылады.  Көкала – аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл ауру көктем- жаз мезгілдерінде көбірек кездеседі. Иксод кенелері қансорғыш жәндіктердің қатарына жатады. Көктем, жаз айларында өсіп-өнуі үшін ас белсенділік танытып, жануарларға сонымен қатар малдарға және адамдарға қан сору үшін шабуыл жасайды.

Адам денесіне білдірмей және ауыртпай терінің жұмсақ жеріне жабысып, қан сорады. Иксод кенесі көкала ауруы қоздырғышының негізгі тасымалдаушысы болып табылады. Кене ұрпақтан-ұрпаққа осы қоздырғыштардың тұқымын сақтап, таратып отырады.

Сондықтан адамдар жеке басын қорғамай кенені қолымен алып, езген жағдайда және қой қырқымы кезінде кененің қаны шашырап жұғуы мүмкін. Ауырған адам қатынастағыларға  қауіп төндіреді. Аурудың қоздырғышы арудың қанынында, ішкі ағзалардан қан кеткенде, құсықта, нәжісте болады. Көкала ауруының жасырын кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады. Содан кейін науқас адамның дене ыстығы 39-40 гр. дейін көтеріледі. Басы, буындары сырқырап ауырады, көзі мен тамаға қызарып№ тамаққа тәтеті болмайды. Аурудың 2-5ші күндері мұрнынан, асқазан, ішектен, әйелдердің жатырынан қан кетеді. Науқастың денесі бөртеді, қолмен теріні басып көргенде немесе шымшығанда қанталап, көгеріп кетеді. Науқас адам дер кезінде дәрігерге көрінбесе ауру асқынып, өлім жағдайына алып баруы, сонымен қатар қасындағы адамдарға да жұқтырып, таратуы мүмкін.

Сондықтан, аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде немесе кене шаққан жағдайда дер кезінде дәрігерге көріну керек.

Кене шаққанын байқасаңыз:

-кененің басы теріге кірген жерінен  абайлап жіппен немесе қысқышпен (пинцет) шығарып алып отқа жағыңыз.

-шаққан жерді йод ерітіндісімен сүрту керек.

-қой қырқымы немесе малға күтім жасаған кезде, қолға қолғап, үстіңізге арнайы киім киген жөн.

-орман, тоғайда жүргенде мал қораны тазалаған кезде үстіңізді мұқият қарап жүріңіз.

-өрістен келген малдардан, мал қорадан кене көрсеңіз, оны қолғаппен алып, отқа жағыңыз.

-еш уақытта қолмен кенені езбеңіз

Аудан аумағында 2023 жылдың наурыз айынан бастап ветеринариялық қызметінің тарапынан кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.     Әрбір жекеменшік қожалықта КҚГҚ ауруының алдын алу мақсатында және көктемгі кезеңде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін аудан аумағында қора-жайлары бар елді-мекен тұрғындары үйіне іргелес қораларда механикалық тазарту, қоқыстарын шығару жұмыстарын жүргізу қажет.

Залалсыздандыру, дезинсекциялық жұмыстары тазаланған қора-жайларға жасалғанда ғана тиімді нәтиже күтілетіні анық екендігіне назар аударамыз.

Құрметті ағайын, кенеден сақ болыңыздар, аман болыңыздар!

А.Асанбаева,

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының

санитариялық эпидемиологиялық бақылау

басқармасының бас маманы

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған