Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Дұрыс тамақтану деннің саулығының кепілі

Дұрыс тамақтану деннің саулығының кепілі

Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Дұрыс тамақтану ережелері:
• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1.Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2.Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
4.Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5.Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдын алу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.

Дұрыс тамақтану ережелерін ұстана отырып, артық салмақтан қиындықсыз арылуға болады. Әсіресе тәттіден, қуырылған тамақтардан мүлде бас тартқан абазал. Ал, тәттісіз ағазаға қиын деп шешсеңіз, тәттіні алмастыратын көптеген өнімдер бар мәселен қантты алмастыратын арнайы таблеткаларды қолдануға болады. (Шәйді құмшекерсіз іше алмайтындар үшін). Сондай-ақ тәтті торт, бәліш, пешеней, құймақ сынды өнімдерді бидай ұнынан емес, күріш, жүгері, сұлы жармасының ұнымен калориясы аз әрі денсаулыққа өте пайдалы етіп пісіруге болады.  Ыстық тамақтарды мүмкіндігінше суға немесе буға пісірген абзал.

Тамақтану сауаттылығының негіздері:

-Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты; тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; тамақтанудың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы; тамақты дайындау технологиясын сақтаңыз; пісірілген тамақты бірден пайдаланыңыз; азық-түліктерді мұқият сақтаңыз; алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру керек; шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамаңыз; қолыңызды жиі жуып тұрыңыз; ас үйді таза ұстаңыз; таза суды пайдаланыңыз; тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтаңыз.

Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты нығайту керек.

А. Дербисова,

Шымкент қаласы Қаратау ауданының СЭББ-ның

бөлім басшысы.

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика