Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
6 ауылдың бас жоспары ауысады – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

6 ауылдың бас жоспары ауысады

Түркістан облысының 6 елді мекенінің Бас жоспары бекітіледі. Бұл ауылдар Қазығұрт, Сарыағаш және Сауран аудандарында орналасқан. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қазір ауылдарда арнайы зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында 833 елді мекен бар. Соның  798 елді мекеннің Бас жоспары жасалған. Халық саны 50 адамға жетпейтін 29 ауыл бар.

– Қай ауданда қандай проблемалар бар, осыны анықтау маңызды. Елді мекендердің Бас жоспарына сол ақпараттарды толық енгізу қажет. Бұл өте маңызды. Елді мекендерді дамыту барысында осы мәліметтерге сүйену керек. Қандай жоба қолға алынса да, Бас жоспарға бағынуы тиіс, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Талдау жұмыстары барысында кей аудандарда сызбалардың нормативке сәйкес келмеуі, топотүсірілімдер мен инженерлік желілердің болмауы секілді бірқатар кемшіліктер анықталды. Зерделеу жұмыстары әлі де жалғасады. Құжат облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мамандарымен бірлесіп жасалуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған