Шымкент пен Түркістанның ортасында орналасқан Төрткөл ауылын білмейтін жан оңтүстікте кемде-кем шығар. Ордабасы ауданына қарасты бұл елді мекенде халық тығыз орналасқан. Әрине, айтпағымыз бұл жөнінде емес. Біз бұл жолы ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген өзге мәселеге орай ой қозғасақ дейміз. Аталған елді мекенде шамамен өткен ғасырдың 60-жылдарында салынған екі қабатты бірнеше үй бар. Өкінішке орай, кешегі 90-жылдары бұл үйлер мүлдем қараусыз ...
Read More »Author Archives: nysana.kz
Күрделі жөндеу жүргізілген ғимарат қайта жөндеуді қажет етеді
Ордабасы ауданында мемлекет қаржысына ешкімнің жаны ашымағаны ма? Мемлекеттік тапсырыс аясында көптеген құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, көпшілігінің сапасы сын көтермейтіні айтыла беріп жауыр тақырыпқа айналған-ды. Алайда, баяғы жартас – сол жартас. Бұған, ең бастысы, тиісті орындар тарапынан бақылаудың төмендігі себеп болып жатқан секілді. Кешегі аптада Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылына барғанда осындай бір оқиғаның куәсі ...
Read More »Болашағын ойлап отыр ма, балта шауып жатыр ма?
Білім министрлігінің бастамалары бүлдіршіндерді жаппай мүгедек етпесе болғаны Бала біздің болашағымыз. Мұны барлығымыз жақсы білгенімізбен биліктің бишігіне қонақтаған «жанашыр көкелер» жиі есімізге салып отырады. Онысы үшін рахмет әрине, алайда олар осы сөзді шын ниетімен айтады ма, әлде ұпай жинаудың бір амалы ма? Сауалды бұлайша төтесінен қоюымыздың өзіндік себебі бар. Бүгінде Қазақстанның білім және ғылым министрлігіндегілер мектеп бағдарламасына не өзгертулер ...
Read More »«Мен халықтың болашақта емес, қазір бақытты болғанын қалаймын»
Н.Назарбаев «Нұр Отанның» ХVІІІ съезінде осылай деді. Кеше, яғни 27-ақпан күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен “Нұр Отан” партиясының кезекті XVIII съезі болып өтті. Партияның құрылғанына 20 жыл толған маңызды жиында Елбасы не айтты? * Осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға арттырылмақ. * Көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады. ...
Read More »Күйеуін масқара етіп, бес баласын жылатып…
тастап кеткен безбүйрек әйел енді бармағын тістеп жүргенге ұқсайды Заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме, әйтеуір бүгінде неше түрлі тосын оқиғаларды есітіп, көріп-біліп жүрміз. «Отағасы әйелі мен бала-шағасын тастап, өзге біреумен көңіл жарастырып кетіпті» дегенді оқта-текте болса да құлағымыз шалатындықтан, оған жұрт онша таңқалмаушы еді. «Тәшкендегі қызым мына қызымнан да өткен сорақы» демекші, енді керісінше күйеуі мен бала-шағаларын еш ...
Read More »Абайлаңыз, алаяқ келін!
Соңғы кездері алаяқтықтың саны да, түрі де көбейіп кетті. Ресми мәліметтерге сенсек, сотталушылардың жартысынан көбі темір торға ұрлық пен алаяқтық қылмыстары үшін тоғытылған екен. Ендеше, қылмыстың бұл екі түрін қоғамның кеселіне айналды десек те болады. Осындай алаяқтың алдауына түскендердің бірі апта басында редакцияға келді. Ол кісінің әңгімесін тыңдап отырып, қулықтың мұндай түрі де белең алған ба деген ойда қалдық. Күнделікті ...
Read More »Дүкенге жұмсағаны үшін келіні кетіп тынды
Жасы елуді еңсерсе де жұмыстан қол үзбеген ана, дәлірегі ене байғұс тауықпен таласа оянып, күндегі әдетінше үйден ерте шықты. Жұмыстан кешігіп қалмайын деген бала да ешкімді мазаламастан таңертеңгілік шайын апыл-ғұпыл өзі дайындап, ішіп кетті. Үйде науқас отағасы мен босаға аттағанына бірнеше ай ғана болған жас келін ғана қалды. Отағасы да күндегі әдетінше ұйқыдан ерте оянған-ды. Ал жас келін әлі төсегінен ...
Read More »Азаматтық неке – азғындаудың алғышарты
Бұрындары, бала кезімізде өзіміз бұрын-соңды естімеген жағдайларға қатты таңқалатын едік. Қазір таңқалу деген сезім жойылып барады. Бәрі де үйреншікті әдетке айналып шыға келетіндіктен, түк болмағандай жүре беретін болдық. Ешкімді ештеңе алаңдатпайды. Жақында бір әріптесімнің әлеуметтік желіде жазған мына бір жайсыз әңгімені оқып қалдым. «…Қысқасы, 4 баласын жарына тастап кеткен бір еркек 10 жылда тағы да екі әйелге үйленіпті. Соңғы екі ...
Read More »Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді
Бұрынғылардың әрбір сөзі саф алтындай салмақты, өнеге мен ұлағатқа толы екені рас қой. Әрбір ой түйіні өмірден алынғанына, тұнып тұрған философия екенінде ешкім шүбә келтірмесі хақ. Біз бала кезімізде әкемізден «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» дегенді жиі еститінбіз. Рас, ол кезде жасымыз онға келген ойын баласы болғандықтан шығар, бұл сөзді неге айтып жатыр деп астарына үңілуді ойламайтынбыз. Қазір ойлап ...
Read More »Ақынын еске алды
Жазылар естеліктер мен туралы, Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы, – деп жыр жазған Мұқағали ақын көзі тірісінде өзіне лайықты бағасын ала алмай кетті дейтіндер көп. Дегенмен оқырманға ұмытылмастай жыр жолдарын қалдырған ақынның еңбегі бүгінгі ұрпақтың есінде. «Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай», – ...
Read More »