Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мəдениет жəне өнер

Мəдениет жəне өнер

Қонақкәде

Белгілі тарихшы, саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы МБА, дипломатия институтының аға оқытушысы Жандос Қарынбаев жақында Шымкентте болған сапарында әл-Фараби атындағы кітапханаға «Қазақ-поляк байланыстарының тарихы танымал тұлғалардың мысалында» атты кітабын тарту етті. Мазмұны тарихи деректерге толы бұл кітап Қазақстанның Польша Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған дипломат, жазушы, бірнеше мақалалардың және екі кітаптың авторы Марғұлан Баймұханмен бірлесе отырып шығарған дүниесі. Қазақ-поляк ...

Read More »

Кино түсіремін деп…

Кешірім сұрайтын продюсерлер көбейіп барады «Қазақстан» ұлттық арнасынан жақында көрсетілген «Жараланған жүректер» атты телесериалға қатысты шу шықты. Даудың басы эпизодта берілетін портреттегі суретке қатысты болып отыр. Кинода кейіпкер әйел үстөл үстіндегі марқұм күйеуінің суретіне қарап отырып мұң шағады. «Мені жалғыз тастап кеткенің қалай…» деп қайтыс болған жарының суретіне бұл дүниедегі өзі тартып жүрген қиындықтарды тізбектеп айтады. Дауға негіз болып отырған ...

Read More »

«Күлімхан ене» заттарын қорға өткізді

Белгілі кино, театр актрисасы, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, өнертану профессоры, халықтың сүйіктісіне айналған Ләйла Ақназарқызы Бекназар өмірі мен өнеріне қатысты бірқатар құжаттар мен суреттерді, заттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жеке тектік қорына тапсырды. Ол киносүйер қауымға отандық «Келінжан» телесериалында Күлімхан ене образы арқылы, «Ана жүрегі» сериалында ...

Read More »

«Мұқағали» – 10 сыйлық алды

Белгілі кинорежиссер Болат Қалымбетовтың «Мұқағали» фильмі көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленген туындылардың бірі. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін фильм жайлы көрерменнен бөлек киносыншылар да өз бағасын беруде. Жақында осы картина Мумбайда өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасындағы кинофестивальге қатыспақ. Бұл додада «Мұқағали» фильмінің режиссері  «Үздік режиссер» номинациясы бойынша конкурстық бағдарламаға іріктеуден өткен. Құдай сәтін салса ...

Read More »

ЖАҢА ПӘТУАЛАР ҚАБЫЛДАНДЫ

   «Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХXVІ мәжілісінде бірқатар жаңа пәтуалар қабылданды», – деп хабарлайды осы басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қоңырбайұлы. Жаңа пәтуалар сапында бұдан былай «Көлікті көлікке айырбастау (бартер) үкімі», «Сақтандыру қызметі туралы үкім», «Меншігінде жоқ затты сатудың үкімі», «Электронды темекіні қолданудың үкімі», «Сюцай жүйесінің шариғи үкімі» туралы келісімдер бар. Пәтуаларының мәтіні бекітілді. Сонымен ...

Read More »

Өмірден өнер жасаған жазушы

Дәл осылай басталды. «Мен тоқ адамды жек көремін…», «Біз күлуді ұмытып қалыппыз…», «Жыламайтын, жылай алмайтын әйелден қорқамын…» Сахна төрінде көркемсөз оқудың үздіктері – студент жастар Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың, Тәуелсіз Қазақ ПЕН клубы мен платиналы “Тарлан” сыйлығының иегері, жазушы-драматург Дулат Исабековтың шығармаларынан осылайша үзіндіні нәшіне келтіре оқыды. Бірі –кейіпкері, бірі автордың өзі болып толғанды. Қара сөзді жатқа оқу – ...

Read More »

«Күлгін перденің» әуресі: Желтоқсан салған жара жазылды ма?

Жыл өткен сайын 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматыдағы негізгі көтерілістің қалай болғаны ашық айтыла бастауда. Бұған дейін түрлі себептермен тізімі бұрмаланған көтеріліске қатысушылардың да қатары қазір қалыңдай түскен. Жасыратыны жоқ, «желтоқсаншымын» дейтін жалған желтоқсаншылар да аз емес. Десек те сол кезеңнің қудалауынан қорқып, бертінге дейін желтоқсаншы екенін жасырып келгендер де бар. Оның себеп-салдары көп-ақ. Қалай болғанда да қан төгіліп, қаншама ...

Read More »

Шымкенттегі Назарбаев даңғылын өзгерту керек

Жуырда Нұрсұлтан қаласына бұрынғы Астана атауы ресми қайтарылды. Себебі бұл өзі халықтың қолдауынсыз, мәжбүрлі түрде берілген атау еді. Ендігі міндет – барлық облыс орталықтары мен мегаполистердегі орталық көшелердің біріне негізсіз берілген Назарбаев атауларынан арылу. Өйткені, бұл мерзімінен ерте берілген атау болып тұр. Осыған байланысты айтарым, #Шымкенттегі #Назарбаев даңғылын Керей мен Жәнібек даңғылы деп өзгерту керек. Картаға қарасақ, Шымкентте бұл қос ...

Read More »

Серік Таласов, кинорежиссер: «Шетелдік кинофестивальдің жүлдесі үшін елімді сатқым келмейді»

Киносүйер қауымның назарына жақында «Қызыл диплом» атты фильм ұсынылды. Ютуб каналына жүктелген осы бір картинаны 10 күнде 1,6 млн көрермен тамашалаған. Бір қарағанда тұрмыстық түйткіл, ғылым таппай мақтанып, дүниенің кетігін тауып қалана алмай біршама уақыт адасқан жас маманның өмірі баяндалғанымен, адал достық, қамқорлық, сүрінгенге, бүлінгенге сүйеу болар бір азаматтың табылғанын көреміз. Сондай азаматтардың көп болғанын қалаймыз. Бәлкім киноның көрерменге айтайын ...

Read More »

«Атжалман ғасырда» талай тарихқа қанықтық

Биыл қазақ театр өнерінің негізін қалаушы, қазақ даласында тұңғыш кәсіби театр ашқан Жұмат Шаниннің туғанына 130 жыл. Осыған орай Шымкенттегі академиялық театр өз көрермендеріне үлкен сый жасады. Драматург С.Қасымбектің «Атжалман ғасыр» пьесасы сахналады. Аншлагпен өткен премьераға Жұмат Шаниннен қалған жалғыз тұяқ Қасымханның қызы Жанат пен ұлы Болат арнайы келіп қатысты. Бұдан бөлек Қазақстан театрлары ассоциациясының вице-президенті, Астана музыкалық жас көрермен ...

Read More »
Яндекс.Метрика