Белгілі кино, театр актрисасы, Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, өнертану профессоры, халықтың сүйіктісіне айналған Ләйла Ақназарқызы Бекназар өмірі мен өнеріне қатысты бірқатар құжаттар мен суреттерді, заттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің жеке тектік қорына тапсырды. Ол киносүйер қауымға отандық «Келінжан» телесериалында Күлімхан ене образы арқылы, «Ана жүрегі» сериалында ...
Read More »Тарих
Серік Таласов, кинорежиссер: «Шетелдік кинофестивальдің жүлдесі үшін елімді сатқым келмейді»
Киносүйер қауымның назарына жақында «Қызыл диплом» атты фильм ұсынылды. Ютуб каналына жүктелген осы бір картинаны 10 күнде 1,6 млн көрермен тамашалаған. Бір қарағанда тұрмыстық түйткіл, ғылым таппай мақтанып, дүниенің кетігін тауып қалана алмай біршама уақыт адасқан жас маманның өмірі баяндалғанымен, адал достық, қамқорлық, сүрінгенге, бүлінгенге сүйеу болар бір азаматтың табылғанын көреміз. Сондай азаматтардың көп болғанын қалаймыз. Бәлкім киноның көрерменге айтайын ...
Read More »Төлебиде Бекасыл әулиенің 200 жылдығына арналған халықаралық форум өтті
Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылында ғұлама ғалым Бекасыл Биболатұлының 200 жылдығына арналған халықаралық V форум өтті. Форум қатысушылары алдымен Бекасыл әулиенің кесенесіне барып, Құран бағыштады, музейінде болып ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ зиялы қауым Есім хан ордасының орнында болды. Ал «Ривьера Қасқасу» демалыс орнында ұйымдастырылған ғылыми-конференцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «сахараның ғұламасы» атанған Бекасыл Биболатұлының 200 жылдық мерейтойына ...
Read More »«Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры»
Тілді саф күйінде сақтау, ұрпаққа табыстау – ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұра. Елімізде 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдерінің күні ретінде аталып өтілуде. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын кең ауқымда тойлап жатырмыз. Жуырда Келес ауданындағы Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне ...
Read More »Құмырсқаға тиіспе
Қазақ халқы құмырсқаға құрметпен қарайтын болғандықтан, оны жөнсіз өлтіруге болмайды деп санайды. Себебі құмырсқа діни аңыздарда Нұх пайғамбардың кемесіне азық тасуға жәрдемдескен екен. Нұх пайғамбар кеме жасап болған соң, Тәңірден: –Иә, Алла, мынадай алып кемеге мұншалықты көп азықты қалай жи- наймын? — деп сұрайды. Ұлық Алла: –Құлым, қам жеме. Мен — шебер Алламын! Кемең ертең азыққа толады, — дейді. Ертесіне ...
Read More »ЖҰБАТУ СӨЗ
ЖҰБАТУ СӨЗ Белгілі композитор Құралай Сәтмұхамбетоваға әпкесі Қарлығаштың қайтыс болуына байланысты 1. Құралайым, Өзіңе көңіл айтып тұр ағайын. Білесің өмір солай, жылама сен, Жылама айым, мен дағы құламайын. Білесің жақсылардан ат қалады, Білесің ғалымдардан хат қалады. Әпшенің еңбек етіп өсіргені, Жүректе мәңгілікке сақталады. Оңтүстіктің аспаны түнеріп тұр, Сүйеніп босағаға бір елік тұр. Ол сенсің Құралайым, сен құлама, Өмір сол, жалғыздыққа ...
Read More »Түркістанды көргісі келетіндер анықталды
Өздеріңізге белгілі биыл 14 маусым – 10 шілде аралығында «Түркістанды көргім келеді» жобасы бойынша байқау жарияланған болатын. 10 шілде күні 21:00-де өтінім беру тоқтатылып, 12 шілдеде дауыс беру кезеңі басталды. Дауыс беру ашық форматта өтіп, 31 шілде күні аяқталды. 3 кезеңнен тұратын (іріктеу кезеңі, Түркістанға саяхат, финалистерді марапаттау) жобаға 100-ге жуық өтінім түскен. Қазақстаннан бөлек, Бельгия, Өзбекстан, Түркия елдерінен үміткерлер ...
Read More »«Жоғалған Жұрнақпен» жабылды
Театр маусымы осымен аяқталды. Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры театр маусымын М.Байғұттың «Жоғалған Жұрнақ» драмасымен жапты. Бұл тетардың 88 маусымы. Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуына және «Желтоқсан» оқиғасының 35 жылдығына арналған Жұрнақтың тағдыры туралы драма көрерменнің көзайымына айналған дүние десе де болғандай. Әр қойылым сайын зал толы көрермен «Тор», «Медея», «Өлдік те құрметті болдық» қойылымдарына да жоғары ...
Read More »Сәлемдесу үлгісі…
Пайғамбар (с.а.с) миғраждан үмбетіне тоғыз қасиетті зат әкеліпті. Олар: жастық, жайнамаз, бөрік, шапан, орамал, намаз, дастархан, Құран, сәлемдесу үлгісі екен. Пайғамбар миғражға көтерілгенде алдынан періштелер шығып: –Ассалаумалейкум, әлемнің рақымы! — деп сәлем береді. –Уалейкүмсалам! — деп жауап береді. Мұндағы «Ассалаумалейкум» сөзі «Алланың нұры жаусын, бар жақсылықты нәсіп етсін» деген мағынаны береді. «Уалейкүмсалам!» — деп сәлемін қабыл алғанда, «Саған да Алланың ...
Read More »Созаққа құлан келеді
Жақында Созақ ауданы әкімінің аудан жұртшылығымен болған кездесулерінде тұрғындар тарапынан орман шаруашылығы саласына қатысты ұсыныс-пікірлер айтылып қалды. Осы орайда Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі ММ КММ-нің директоры Жүнісхан Әлімбековпен сұхбаттасып, бүгінгі таңда ауданымыздағы орман шаруашылығы саласында болып жатқан оң өзгерістерге шолу жасап, газет оқырмандарының көкейінде жүрген кейбір сауалдарға бірлесе жауап іздеуге тырыстық. – Жүнісхан Мырзаханұлы, әңгімемізді тарих қойнауынан ...
Read More »