Теріскей сапарынан кейін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ат басын Бәйдібек ауданына бұрды. Онда бәйдібектік тұрғындармен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштеріне құлақ түрді. Қоғаммен сындарлы диалог аса маңызды екенін айтқан өңір басшысы Президенттің жуырда жариялаған Жолдауындағы тапсырмаларды орындау міндеті тұрғанын тағы атап өтті. Президент айшықтап берген реформалардың нақты бес бағдарын түсіндірді. «Бүгін өздеріңізбен арнайы кездесіп тұрмын. Мақсат – талаптарыңыз бен ұсыныстарыңызды ...
Read More »Tag Archives: Бәйдібек ауданы
Конституцияға өзгеріс енгізу – уақыт талабы
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылғы 28 қаңтарда Жоғарғы кеңес депутаттарының дауыс беруімен қабылданғаны белгілі. Ал 1995 жылғы жалпыхалықтық референдумда 1100 түзету енгізілді. Бұл Конституция бір мезгілде мемлекеттілікті нығайтуға, биліктің барлық тармақтарының өкілеттіктерін нақты ажырату есебінен мемлекеттік биліктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Өткенге назар салсақ, елдің дамуына байланысты Ата заңымызға да бірнеше рет өзгеріс енгенін байқаймыз. Енді сол өзгерістер несімен ...
Read More »Ақтастың ақкөңіл адамдары-ай!
Бәйдібек ауданының қазіргі Борлысай ауылдық округі бұрын «Ақтас» кеңшары аталып, көпбалалы аналарымен аты шықан аймақ. Қаймағы бұзылмаған қазақы салтқа берік өңір туралы ел аузында аңызға бергісіз талай жақсы әңгімелер айтылады. Салт-дәстүрімізді мықтап ұстанған ардақты аналардың бойынан ата дәсүрімізге деген адалдық жойылмаған. Тұла бойы тұңғыштарын туылғаннан-ақ «шал-кемпірдің баласы» дегізіп, өз атымен атамай, қайнысындай әлі күнге дейін «Мырзаға» деп айтады. Баланы ата-әженің ...
Read More »«Біресек» «жөргегінде тұншықты», «Сарқыраманың» тағдыры қалай болмақ?
Ғалымдар болашақта жер бетіндегі ең үлкен проблема суға қатысты болатынын болжайды. Әрине, ол өздігінен туындамайды, оны адамдар қолдан жасайды. Қалайша? Жаратушы иеміз әр нәрсені асқан дәлдікпен жаратқанында дау жоқ. Ал оған аз ғана өзгеріс енгізсек, тепе-теңдік бұзылады. Соңғы кездері қай елде болмасын жасанды су қоймасын салу үрдіске айналып барады. Әсіресе, су басында отырған мемлекеттер тарапынан. Иә, шаруашылық үшін қойма қажет ...
Read More »«Амал қалмаса, малымызды аудан әкімдігінің алдына айдаймыз»
Жайылымнан тарыққан бәйдібектік шаруалар осылай дейді Апта басында Қазығұрт ауданындағы билік күтпеген оқиға көгілдір экран арқылы бүкіл елге тарап кетті. Жайылымдық жер таппаған жергілікті тұрғындар төрт түліктерін ауылдық округ әкімдігінің алдына айдап барды. Өкінішке қарай, жайылым мәселесі бүгінде қай аудан-қалада болмасын күрмеулі күйінде тұр. Оған келтірер мысалдар жеткілікті. Жуық арада Бәйдібек ауданында да осыған ұқсас оқыс оқиғаның қайталануы әбден мүмкін. ...
Read More »«Ертең жанады» деген жарық әлі берілмей отыр
«Өзге пікір» газеті өткен нөмірлерінің бірінде «Қара түнекте қалған ауылдар… Ержігіт Шәріпбеков жағдайды толық білмейтін секілді», – деген тақырыппен Бәйдібек ауданының көптеген ауылдары жарықсыз қалғанын өзекті мәселе етіп көтерген болатын. Біз хабарласқанда аудан басшысы Ержігіт Шәріпбекұлы «Жұмыс атқарылып жатыр. Жағдай бақылауда. Ағыбетте ертең жарық жанады деп жоспарлап отырмыз», – деген болатын. Содан бері екі апта уақыт өтті. Әрине, Ержігіт Шәріпбекұлы ...
Read More »Қара түнекте қалған ауылдар…
Ержігіт Шәріпбеков жағдайды толық білмейтін секілді Түркістан облысында болған дүлей бораннан, әсіресе, Ордабасы, Бәйдібек, Отырар аудандары мен Кентау қаласы қатты зардап шекті. Содан бері екі аптаға жуық уақыт өтсе де төтенше жағдай салдары толықтай жойылған жоқ. Әлі күнге дейін жарықсыз, қара түнекте отырған ауылдар көп. Көктем шықты дегенімізбен, оңтүстікте әлі күн суық. Пандемияның кезінде суық үйде бүрсең қағып отыру тіпті ...
Read More »Қыл көпір…
Шаяндағы көпір оқушылар өміріне қауіпті Жуырда жеке жұмыстармен Шаян ауылына жолымыз түсті. Біз барған үйдің иесі қонақ екенімізге қарамастан, «тамақ дайын болғанша бір жерлерді көрсетіп келейін» деп қолқа салған соң, амалсыз соңынан ердік. Шындығында ол кісінің көрсеткеніне қарап, өзіміз таң қалдық. Сол сәтте «бұл аудан мен ауылда басшы бар ма?» деген сауал еріксіз санамызда сығалады. Бұл сауалды Төлепбек есімді жергілікті ...
Read More »Бәйдібектіктер үшін Президент кім?
Қасым-Жомарт Тоқаев па, Нұрсұлтан Назарбаев па? Бір мемлекетте екі Президент болмайды. Бізде де солай. Әрине, тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күннен бастап мемлекетімізді ширек ғасырдан астам уақыт басқарып, тығырықтан аман-есен алып шыққан Нұрсұлтан Назарбаевқа деген елдің ықыласы ерекше. Оның еселі еңбегін ешкім де жоққа шығара алмайды. Нұрсұлтан Әбішұлының есімі Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш Президент ретінде жазылды. Солай сақталады да. Ұдайы алға ...
Read More »Бәйдібектегі «сақалды құрылыс» қашан аяқталады?
Басталған істің аяқталуының тым ұзаққа созылуы, яғни «сақалды құрылыстардың» тұрғындардың жүйкесін жұқартатыны түсінікті. Әсіресе, ол құрылыстар жолға қатысты болса. Өйткені, бүгінде жол қызметін пайдаланбайтын адам жоқ. Ал жиі пайдаланатындар үшін – бас қайғысына айналған десе де болады. Ұзаққа созылған жол құрылысы жолаушылардың жүйкесін ғана емес, көлігін де тоздырып, қалтасына салмақ салатыны талассыз. Жол азабын тартқан Бәйдібек ауданының тумасы Бақытжан Жұмәділдаев ...
Read More »