Әкім жиі ауысқан соң уәде де орындалмай қалуда Түркістан облысында әкім тұрақтамайтын қаланың бірі – Кентау. Мұны біз емес, кентаулықтардың өздері айтып жүр. Өткенге көз жүгіртер болсақ, шынында да соңғы 10-15 жылда әкімі көп ауысқан қала мен ауданның көшін осы Кентау бастап тұр екен. Әсіресе, кейінгі 2-3 жылдағы ауыс-түйіс рекордтық көрсеткіш болып тұр. Бұл, әрине, жергілікті тұрғындар үшін тиімсіз екені ...
Read More »Tag Archives: кентау
Нәтиже бар, кемшілік те жоқ емес
Кентау қаласы әкімдігінің кезекті аппараттық жиналысында ауыл тазалығын ретке келтіруде баяу жұмыс жасаған ауыл әкімдеріне сөгіс берілді. Жиналыс қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өтті. Оған барлық бөлім басшылары, ауыл әкімдері қатысты. Негізі күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Бірінішісі бойынша, яғни, өңірге инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау шаралары бойынша қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қадырхан Төлепбергенов баяндама жасады. 2022 ...
Read More »Кентауда 50 көше жөндеуден өтеді
Кейінгі кездері Кентау қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Айталық, осы жылдың наурыз, сәуір айларында қаланың орталық 19 көшесіндегі 34,6 шақырым жолға шұңқырларды жамау, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмыстары жүргізілген. Сонымен бірге, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылындағы он көшені орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 87,2 млн теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталып, шаруа келісім шарт құру ...
Read More »Кентауда келелі кеңес өтті
Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала – ата-ана айнасы» тақырыбында ата-аналар форумы болып өтті. Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында көрініс берген іс-шараның мақсаты – ата-аналардың отбасындағы қарым-қатынастарын үйлесімді ету, өзара қолдау және сенімділік атмосферасын қалыптастыру. Сондай-ақ, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналар тарапынан жауапкершілікті күшейту. Бұл форумға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту ...
Read More »«Күн суытса тоңып қалуымыз мүмкін»
деп алаңдайды кентаулық тұрғындар Биылғы жылдың наурыз айында күн кенеттен суытып, тосын мінез көрсетті. Сол кезде жоғары кернеулі электр бағандары құлап, Кентауда жылу орталығы жұмысын тоқтатқан болатын. Салдарынан үйлердің құбырлары жарылып, тұрғындар біршама әбіржіген-ді. Сол уақытта газетімізде «Кентау тағы да тоңа бастады», – деген тақырыппен мақала жарияладық. Онда Кентау қалалық жылу орталығының басшысы Сәбит Дауылбаевтың және Кентау қаласы әкімінің ...
Read More »Кентаулықтар әкімге сенуден қалған ба?
Оқырманның есінде болса, осыдан бір жыл бұрын «Үйі өртенген кентаулық кейуанаға көмек берілетін болды», – деген тақырыпта мақала жариялаған едік. Оның алдында Байылдыр ауылындағы үйі өртеніп, кімнен көмек сұрарын білмей жүрген кентаулық Зейнегүл Нармаханқызының жанайқайы газет бетінен орын алған болатын. Біз көтерген мәселеге байланысты қала басшылығы кейуананың жағдайымен танысып, демеушілердің көмегімен үйін толықтай жөндеп берген-ді. Осы оқиғадан кейін әкімнің қабылдауына ...
Read More »Шорнақтағы жанжал
Махажановқа сабақ болмай отыр ма? Осыдан бір айдан сәл астам уақыт бұрын Түркістан облысының Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында болған жастар арасындағы жанжал әлі естен шыға қойған жоқ. Мәселенің шиеленіскендігі болар, бұл оқиға Мемлекет басшысына да жетті. Ашуға булыққан тұрғындарға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі барып, жағдайды реттегенінен көпшілік құлағдар. Қазіргі кезде Шорнақтағы жағдай тұрақты. Алайда, осы оқиға жергілікті ...
Read More »Кентау мектептерінде неге дау көп?
Талассыз, көп жылдар бойы Кентау қаласының білім саласы өзге әріптестеріне үлгі тұтылып келді. ҰБТ қорытындысы мен басқа да жетістіктер бойынша облыста алдыңғы үштіктен түспейтін. Өзіне тән жүйе қалыптасқан-тұғын. Алайда, мұны неге өткен шақпен айтып отырмыз? Неге екені белгісіз, соңғы кездері осы жүйенің іргесі сөгілгендей сезіледі бізге. Олай деуімізге Кентаудың білім саласындағы ұстаздар қауымы арасындағы соттасу мен ұрыс-керістің артуы себеп болуда. ...
Read More »Кентауда мүгедектерге арналған ерекше оқу орны бар
Елімізде ақыл-ойы дұрыс дамығанымен жүріп-тұруы қиын мыңдаған балалар бар. Оңтүстікте тап осындай тағдыр тауқыметін тартып жүрген ғаріп жандарға арналған арнайы оқу орны жұмыс істейді. Ол – Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Кентау қаласындағы “Арнаулы кәсіптік колледжі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бұл колледждің басқа білім беру ұйымдарынан бір ерекшелігі – білім, әлеуметтік сала және медицина саласы қатар ...
Read More »