Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Tag Archives: Отырар ауданы

Tag Archives: Отырар ауданы

Мұқтаждарға көмек қолын созды

Өткен аптада Отырар аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есінбек «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалында тұрғындардың арыз шағымдары бойынша Қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Шәуілдір ауылының тұрғыны, төрт баланың анасы Н.Төлеуова келіп, жұмысқа орналастырып беруге көмек сұрады. Партия тарапынан аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының жауапты өкілі Е.Әбиев пен ауыл әкімі Ғ.Қыдырға мәселені қарап, шешіміне бірлесіп қол жеткізу ұсынылды. ...

Read More »

Нашақорлық – қоғамның қауіпті індеті

XXI ғасырдағы жастар арасында белең алып тұрған дерттің бірі -нашақорлық. Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп, адамның ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт те, кесел де күшейе түседі. Өкiнiштiсi сол, осындай ем қонбайтын кеселдi адамдар өздерi ойлап табады екен. Жалпы, нашақорлық есірткі заттарына паталогиялық құмарлық болып табылады. Ол бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. ...

Read More »

Халық қалаулысы халық қамын ойлады

Парламент мәжілісінің депутаты Сырым Ертаев жуырда Отырар ауданына іс-сапармен келді. Сол кезде қоғам белсенділері механикалық тазалау сәтінде өткелдердің қалпына келтірілмей, дрендердің жағалауларын тегістемей қалдырып кетуі салдарынан шаруалардың егіс алқаптарына кіріп шығу, техникаларды кіргізу мәселесінде қиындықтар туындап жатқаны жөнінде мәселе көтерген еді. Бұл жағдай бас-аяғы 15 күнде ретке келтірілмесе шөп ору, дән себу секілді дала жұмыстарының уақыты өтіп кететіні, көктемгі дайындық ...

Read More »

Отырарлық сапа

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті еңбек демалысына кетер алдында Отырар ауданына барды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай аудандарды аралауды бастаған Өмірзақ Естайұлының отырарлық тұрғындармен кездесуі ашық, еркін форматта өтті. Сондай-ақ, облыс басшысы мемлекеттік бағдарлама арқылы «Атамекен» ҰКП-ында бұған дейін «Бастау-Бизнес» жобасын оқып, қаражат алып, кәсіп ашқан отырарлық жас кәсіпкерлер көрмесімен танысты. Олар ауданда қымыз, көкөніс, көрпе – төсек, ...

Read More »

Отырарда жүйелі жұмыстар жалғаса береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі әкімдерге халықпен тұрақты түрде, жиі-жиі кездесіп, олардың талап-тілектері мен мұң-мұқтаждарын мүмкіндігінше жедел шешіп отыруды міндеттегіні белгілі. Президенттің осындай талап-тапсырмасына сәйкес ауданның он екі ауыл округіндегі мән-жайлармен жан-жақты танысқан Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың кезекті кездесуі Шәуілдір ауыл округінде өтті. Киелі ауданымызда жыл басынан бері атқарылған ауқымды жұмыстар бейнебаян арқылы таныстырылған соң аудан басшысы алдағы ...

Read More »

 Білікті басшы – мектеп мерейі

Кез-келген мекеменің көшін алға сүйреу ең алдымен басшыға байланысты екені белгілі. Шалғайдағы ауыл мектебінің мерейін үстем етіп жүрген іскер басшылардың бірі – Отырар ауданы М.Әуезов атындағы мектептің директоры Айнұр Сыздықәлі. Білім ордасына рухани дем беріп, бағыт сілтеп, өз ғұмырын бала тәрбиесіне арнап келе жатқан басшымыз туралы ризашылықпен айтуға болады. Жоғары санатты мұғалім Айнұр Әбдіғапбарқызы орта мектепті бітірген соң арман қуып, ...

Read More »

«Отырардың айы оңынан туып тұр»

Әбдіғали ЖҮНІСОВ, Отырар ауданының әкімі:  Отырар бұрын ауылшаруашылығына ғана бейімделген, дотацияға байланған аудан болатын. Қазір мұнда кен орындары ашылып, өндіріс даму үстінде. Кіші және орта кәсіпкерлік саласының да тамырына қан жүгірген. Жергілікті тұрғындар көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізіп, орталықтандырылған жылу жүйесінің қызметін пайдаланатын күн жақын. Ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы әкім Әбдіғали Жүнісовтың өзінен сұраған едік. – Әбдіғали Айтжанұлы, кіріс ...

Read More »

Қарақоңырдан береке қаша бастаған ба?

Отырар ауданында Қарақоңыр деп аталатын ауылдық округ бар. Бірнеше елдімекен қарайтын округте соңғы кездері тұрғындардың көңіл-күйі күпті. Сөздеріне қарағанда ауыл әкіміне наразы секілді. Карантин асқынып тұрғанда да бұл ауылдарда түнімен дүкендердің есігіне құлып салынбайтын кездер жиі болған. Әлдекімдер жерді өз беттерімен қазып, қоршап алудың салдарынан тұрғындар төрт түлігін қайда өрістетуді білмейді. Осының барлығы әкімнің жұмысты оңды ұйымдастыра алмауының салдары болса ...

Read More »

Бестораңғылға қашан көңіл бөлінеді?

  Кішкентай ауылдың үлкен мәселелері бар     Отырар ауданы соңғы кездері жағымды жаңалықтарымен танылып, нәтижелі көрсеткіштерімен көрініп жүр. Дей тұрғанмен айдың көлеңкелі беті болатыны секілді, жетістіктің қасында кемшіліктердің де бұғып жүретіні жасырын емес. Осындайда жақсының жақсылығын айтумен қатар, кемшіліктерді де көрсетпесек, азаматтығымызға сын болар. Отырар ауданының Қарақоңыр ауылдық округіне қарасты Бестораңғыл деген шағын ауыл бар. Шағын болғаны себепті болса керек, ...

Read More »

Кімді кім алдап жүр?

Жуырда редакцияға Отырар ауданының Қарақоңыр ауылдық округінің Бестораңғыл елді мекенінен хабарласқан Абай есімді азамат округ әкімі Сәкен Айсейітовтың жұмысына көңілі толмайтынын айтты. «Уақтылы қызмет орнында отырмайды. Ауылда қордаланған мәселені шешпейді. Шағын ауыл тұрғындары бір-бірін сотқа сүйрелейді. Жер дауы өршіп тұр. Әкім іскер болса осыларды бейбіт жолмен неге шешпейді? Ұсақ-түйекке бола ауданға жүгіре беруіміз керек пе? С.Айсейітов аудан әкімінің ауылымыздағы өкілі ...

Read More »
Яндекс.Метрика