Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Tag Archives: сайрам ауданы

Tag Archives: сайрам ауданы

Сайрам ауданында жаңа мектептің жертөлесі суға толды

  Біз бұған дейін Түркістан облысында жаңадан салынған бірқатар құрылыс нысандарының сапасы сын көтермейтінін жаздық. Мәселен, Сайрам ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп ғимаратының пайдалануға берілгеніне 10 жыл толмаса да бір қанатының апаттық жағдайға жеткенін, Шардарада газы жоқ ауылға салынған мектепке газбен жылыту жүйесінің орнатылуы салдарынан пайдалануға берілмей отырғаны, тағысын тағы кемшіліктерді жаздық. Бірақ, «көрмес түйені де көрмес» болды ма, әлде «үндемеген ...

Read More »

Ханқорғанға бардың ба, хан ордасын көрдің бе?

Тарихта Ордабасы тауы, дала парламенті – Мәртөбе биігі, Күлтөбе сынды ойып тұрып орын алған мекендер қатарына Ханқорғанды да жатқызуға әбден-ақ болады. Ханқорған қалашығының орнын археолог, тарихшы мамандар 1979 жылы анықтаған екен. Ханқорғанда билік құрған ең соңғы хан Абылай болған деген мәлімет бар. Қалашықтың биіктігі 9 метр, аумағы 3 гектар жерді алып жатыр. Ең үстіңгі қабаттан Абылай ханның өмір сүрген заманына ...

Read More »

Бір түпте бес түрлі алма

Мұндай таңғажайып нағыз бағбандардың ғана қолынан келсе керек. Бау-бақшаның жағдайынан жақсы хабардар, күтіп-баптауға икемді шарулардың жетістігі. Ал ондай шеберлер Сайрам ауданында көп-ақ. Қарабұлақ ауылында тұратын Икрам Розақұлов алма баптаудың шын шебері. Ол осыдан 15 жыл бұрын Тәшкенттен 700 түп алма көшетін әкеліп, 2,5 гектар аумаққа отырғызған екен. Содан өніп шыққан алма бауында бүгінде алманың 5 түрі жайқалып тұр. Ал ең ...

Read More »

Сайрамда сыннан қорытынды шығармағандарға шара көріледі

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен өткен апталық аппараттық мәжілісте бірқатар мәселелер қаралды. Соның бірі жайылымның жайы. Сайрам ауданында жайылымдық жер мәселесі күн тәртібінен түспеген. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Абылғазиевтың өзі де жайылым жер алқаптарын қайтару мәселесі өзекті екенін жоққа шығармайды. Бұл орайда бөлім Түркістан облысының жер қатынастары басқармасымен бірлесіп әзірлеген ортақ жайылыммен қамтамасыз ету жоспарын алға тартады. Онда ...

Read More »

Қарабұлақтағы қақтығыс

Қарасуда қайталанбасына кім кепіл? Оқырманның есінде болса, осыдан он шақты жыл бұрын Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында оқыс оқиға орын алған болатын. Қателеспесек, бір әке кіндігінен тараған бауырлар жерге талас салдарынан үйдің кенжесі туған ағасы мен оның баласын атып тастаған-ды. Сот ашуын ауыздықтай алмаған қылмыскерді жазасын қатаң түрдегі режимде өтеуге Үкім еткен-ді. Осы келеңсіз жайт өзгелерге, әсіресе сайрамдықтарға сабақ болу тиіс ...

Read More »

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» сәтті жүзеге асуда

Түркістан облысында биыл бес айда ауыл шаруашылығында 199,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайызды құрады. Өткен жылдың бес айында 170,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болатын. Бұл ретте өңірде жаңбырлатып және тамшылатып суғару, өзге де жаңа технологияларды батыл енгізудің пайдасы тиіп жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы өңір диқандарының ...

Read More »

«Құрлықтықтар» «құр алақан» қалмайды

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков барлық ауылдарды аралап жүр. Ондағы мақсат – мемлекет басшысының тапсырмасына сай тұрғындармен кездесіп, олардың айтар ұсыныс-пікірлерін, сын-ескертпелерін тыңдау. Тыңдап қана қоймастан олардан нәтиже шығару. Бұл іске әкімнен басқа оның орынбасарлары мен бөлім басшылары да жұмылдырылған. Өткен аптада аудан әкімінің тапсырмасына орай арнайы жұмысшы топ құрылып, Құрлық ауылындағы өзекті мәселелерді зерделеуге кірісті. Аудан әкімінің орынбасары Мадияр ...

Read More »

Қарыз мекеме – «Сайрам тазалық», зардап шегетін – халық…

Шымкентпен іргелес жатқан Сайрам ауданында тұрғындар сусыз отыр дегенге біреу сенсе, біреу сенбес. Бірақ, шындығы осы. Жаз шыққалы Сайрам ауданының бірнеше ауыл тұрғындары қолдарына шелектерін алып, жиі-жиі көше аралап, су іздеуге мәжбүр. Айталық, қарасулықтардың қара суға қалайша аяқасты зар болып қалатыны жайлы осы ауылдың тұрғыны Салтанат Садықова былай дейді: «Ағып тұрған су ойламаған жерден өшіп қалады. Содан күні бойына келмейді. ...

Read More »

Басты қасиеті – қарапайымдылығы

Әлібек Байназардың есімі Сайрам өңіріне жақсы таныс. Осы ауданда туып-өсті. Саналы бар ғұмырын ауданның өсіп-өркендеуіне арнап келе жатқан жан. Әсіресе білім саласында тер төккен азамат бірнеше мектепті басқарып, аудандық білім бөлімінде жемісті қызмет атқарды. Тірлігі тұралап, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалы күрделенген мектептерді аудандағы алдыңғы қатарлы білім ордасына жеткізген жайы бар. Ерен еңбегінің жемісі болар Әлібек Ыбырайымұлының кеудесіне «Қазақстан Республикасының оқу ісінің ...

Read More »

Сайрамдық Жанелияның алар асуы биік

Кеше ел астанасында ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Дүниежүзілік гимназиада – 2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін білім гранттары және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сайыпқыран спортшылар сапында біздің жерлесіміз – Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбастау ауылы Н.Шойынбаев атындағы орта мектептің 9 “а” – сынып оқушысы Жанелия Нармат та бар. Қазақстандық оқушылар биыл алғаш рет Дүниежүзілік гимназиада ...

Read More »
Яндекс.Метрика