Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Tag Archives: Шаян

Tag Archives: Шаян

Қыл көпір…

Шаяндағы көпір оқушылар өміріне қауіпті Жуырда жеке жұмыстармен Шаян ауылына жолымыз түсті. Біз барған үйдің иесі қонақ екенімізге қарамастан, «тамақ дайын болғанша бір жерлерді көрсетіп келейін» деп қолқа салған соң, амалсыз соңынан ердік. Шындығында ол кісінің көрсеткеніне қарап, өзіміз таң қалдық. Сол сәтте «бұл аудан мен ауылда басшы бар ма?» деген сауал еріксіз санамызда сығалады. Бұл сауалды Төлепбек есімді жергілікті ...

Read More »

Бәйдібектіктер үшін Президент кім?

Қасым-Жомарт Тоқаев па, Нұрсұлтан Назарбаев па? Бір мемлекетте екі Президент болмайды. Бізде де солай. Әрине, тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күннен бастап мемлекетімізді ширек ғасырдан астам уақыт басқарып, тығырықтан аман-есен алып шыққан Нұрсұлтан Назарбаевқа деген елдің ықыласы ерекше. Оның еселі еңбегін ешкім де жоққа шығара алмайды. Нұрсұлтан Әбішұлының есімі Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш Президент ретінде жазылды. Солай сақталады да. Ұдайы алға ...

Read More »

Бәйдібектегі «сақалды құрылыс» қашан аяқталады?

Басталған істің аяқталуының тым ұзаққа созылуы, яғни «сақалды құрылыстардың» тұрғындардың жүйкесін жұқартатыны түсінікті. Әсіресе, ол құрылыстар жолға қатысты болса. Өйткені, бүгінде жол қызметін пайдаланбайтын адам жоқ. Ал жиі пайдаланатындар үшін – бас қайғысына айналған десе де болады. Ұзаққа созылған жол құрылысы жолаушылардың жүйкесін ғана емес, көлігін де тоздырып, қалтасына салмақ салатыны талассыз. Жол азабын тартқан Бәйдібек ауданының тумасы Бақытжан Жұмәділдаев ...

Read More »

«Жел үп етсе, жарық жалп ете қалады»

Бәйдібектіктер жарықтың сапасына ренжулі Бәйдібек өндіріс орындары жоқ есебі, халқының саны аз аудан болғанымен, әкім тәрбиелейтін шеберхана іспетті. Тәуелсіздік алған жылдан бергі кезеңде облысты басқарған әкімдердің тең жартысы осы ауданның түлектері. Осыған қарап, Бәйдібекті бар мәселесі шешілген аудан деп ойлауымыз мүмкін. Бірақ, шындығында солай ма? Бұл сауалға бәйдібектік тұрғындардың өздері ғана жауап бере алса керек-ті. Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылынан хабарласқан ...

Read More »
Яндекс.Метрика