Біздің кейіпкер: Өмір Шыныбекұлы – Шымкент қаласындағы №41 мектептің мұғалімі, ҚР Білім саласының құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері. Қоғам белсендісі. –Өмір Шыныбекұлы, жақында сіздің ҚР Парламентінің Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі болғаныңызды әлуеметтік желіден оқыдық. Палатаның алғашқы отырысына да барып қайттыңыз? Бұл палата немен айналысады? Қандай мәселелерді көтереді? – Қоғамдық палатаның міндеттеріне заң жобаларын сараптау, әзірленетін және қаралатын заң ...
Read More »Tag Archives: Түркістан облысы
Мектептегі мәселе…
«Қайсысы?» дейсіз бе? Көп қой. Мұғалімдердің мәртебесі белгіленгелі білім саласына қатысты мәселе тым көбейіп кеткен сияқты. Әзірге көптің басын ауыртып отырғаны – жалған дипломның жыры. Бұл баласына сапалы білім береді деп үміттенген ата-ананы ғана емес, «қаншама жылдық стажым бар, тәжірибе жинап үлгердім ғой» деген жалған диплом иесі – мұғалімнің де бас ауруы болуда. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – ...
Read More »«Біздің ауылды әкімдер білмейді. Білсе…»
Осылай деген Таскешу ауылының тұрғындары Президенттен көмек сұрауға мәжбүр Түркістан облысы Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округінде Таскешу деп аталатын елді мекен бар. Бұл ауыл Шымкент қаласының іргесінде орналасқанымен, аудан орталығы Ақсукенттен алыста. Бүгінде осы таскешуліктер өздерін өркениеттен кейін қалған деп есептейді. Оның себебін жарықтың нашарлығы, газдың жоқтығы, бес көшенің үшеуі тас, біреуінің топырағы шығып жатқандығы, аяқ жолдың мүлдем жоқтығы, ...
Read More »Келесте бір отбасы құжатсыз жүр
Олар сайлауда қалай дауыс береді? Қазақстанда тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде көңілге қонымды, халықтың қолдауына ие болған игі істердің бірі – қандастардың елге қайтуына жағдай жасайтын Заңның қабылданғаны болды. Осы құжат қабылданғаннан бергі 20 жылдан аса уақыт ішінде шетелде жүрген миллиондаған қазақ тарихи отанына оралды. Олар әрқилы тағдырды бастан өткеруде. Әркім өз арбасын әр түрлі сүйреп келеді. Бірі бағбан ...
Read More »Түркістанда дәріге бөлінген ақша далаға шашылды ма?
Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде «Түркістан облысы қашанғы сынақ алаңына айналмақ?» деген тақырыпта мақала жарияланғанын оқырман ұмыта қоймаған болар. Еске салсақ, онда биылғы жылы «Ивервет Е» вакцинасын пилоттық жоба ретінде сынап көруге байланысты облыста бұрыннан бар тәжірибе – малдарды креолинге шомылдыру жұмыстары жүргізілмегеніне шаруалар тарапынан наразылық болғаны мәселе етіп көтерілді. Осыған орай облыстық ауылшаруашылық басқармасына қарасты ветеринария бөлімінің басшысы Базарбек Омаров ...
Read More »Созаққа газ жетті ме?
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа қызметіне кірісе салысымен аудандарды аралауды бастап кетті. Дархан Амангелдіұлы кешегі аптада Теріскейге арнайы барды. Аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы «Тәуелсіздік» саябағында Созақ тұрғындарының алдында сөз алған облыс әкімі ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды салаға бөліп, түсіндіріп берді. Алдағы жоба-жоспарларымен бөлісті. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының ел арасында үлкен қолдауға ие болғанын да атап өтті. «Біз үшін басты ...
Read More »Ханқорғанға бардың ба, хан ордасын көрдің бе?
Тарихта Ордабасы тауы, дала парламенті – Мәртөбе биігі, Күлтөбе сынды ойып тұрып орын алған мекендер қатарына Ханқорғанды да жатқызуға әбден-ақ болады. Ханқорған қалашығының орнын археолог, тарихшы мамандар 1979 жылы анықтаған екен. Ханқорғанда билік құрған ең соңғы хан Абылай болған деген мәлімет бар. Қалашықтың биіктігі 9 метр, аумағы 3 гектар жерді алып жатыр. Ең үстіңгі қабаттан Абылай ханның өмір сүрген заманына ...
Read More »Бір түпте бес түрлі алма
Мұндай таңғажайып нағыз бағбандардың ғана қолынан келсе керек. Бау-бақшаның жағдайынан жақсы хабардар, күтіп-баптауға икемді шарулардың жетістігі. Ал ондай шеберлер Сайрам ауданында көп-ақ. Қарабұлақ ауылында тұратын Икрам Розақұлов алма баптаудың шын шебері. Ол осыдан 15 жыл бұрын Тәшкенттен 700 түп алма көшетін әкеліп, 2,5 гектар аумаққа отырғызған екен. Содан өніп шыққан алма бауында бүгінде алманың 5 түрі жайқалып тұр. Ал ең ...
Read More »Дәрігерге кезекке жазылу толып қала берсе… НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Артық болмас білгенің Емханаға бару үшін қазір дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылу міндетті. Ал сол консультациялық-диагностикалық қызметтерді күту мерзімі тым ұзарып кетуде. Яғни, белгілі бір дәрігердің қабылдауына уақыттың толып қалуынан кезек күту ұзаққа созылады. Осындай кезде пациент не істеуі крек? Бұл сұрақты біз «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевқа қойған едік. – Қор және медициналық ...
Read More »Алдымен өзімізді жарылқап алайық
Қанша жерден жасырғанымызбен Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы бар. Біздің бұлай деуімізге үлкен жолдардағы жанармай құю бекеттеріндегі көліктердің сапырылысып кезек күтіп тұруы себеп болды. Өткен аптада іссапармен Ақтөбеге қаласына барып қайттық. Жолда қанша жанар май құю бекеті болса, соның барлығында кезек күткен ауыр жүк көліктері тізіліп тұр. Оларға 50, 100 литр соляркадан артық құймай жатыр. Бұл 100 шақырымға 30-40 литр қажет ететін ...
Read More »