Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен аптада Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Өзекті мәселелер бойынша қойған сұрақтарына жауап берді. Облыс басшысы алдыңғы кездесу нәтижесінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ел көтерген мәселелердің кезек-кезегімен шешімін тауып жатқанын жеткізді. «Биыл сәуір айында өздеріңізбен кездесіп, тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді талқыладық. Жалпы, халықпен кездесу мен жеке қабылдау ...
Read More »Tag Archives: жетісай
Жетісай көшелері тегіс, жарық болады
Жетісай қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, қаланың инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Аудан әкімінің орынбасары Асан Жақыпбекұлының төрағалымен өткен жиында осы жайт сөз болып, өзекті мәселелер ортаға салынды. Биыл Жетісай қаласы бойынша жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын Сарбаз, Ш.Уалиханов, Тоқтағұл, Ж.Мұса, Әндісай, Нарбаев тұйық, Момышұлы, Шалқыма, Рудаки көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, ұзындығы 3,4 ...
Read More »Жетісайда қарбыз пісті
Жетісай ауданының Атамекен ауылдық округіне қарасты Жемісті ауылында бір гектар алқаптан 25 тонна қарбыз Ресейге экспортталуға дайын тұр. Тамшылатып суғару әдісімен өсірілген қазақстандық қарбыздың сапасы да жоғары. Дәмі тіл үйіреді. «Тамшылатып суғарудың пайдасы мол екен. Жыл сайын 6 мың түп егетін едім, осы әдіспен биыл 8 мың түп шықты. Бұл өз кезегінде мол өнім алуға мүмкіндік береді. Тамшылатып суғарудың тағы ...
Read More »Жетісайдың әкіміне жергілікті тұрғындар риза
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бүгінде шалғай ауылдарда да нәтижесін көрсетуде деп айтуға болады. Аудан әкімдерінің ауылдық округтерде ғана емес, оларға қарасты шалғай елді мекендерді де аралап, тұрғындармен кездесіп жүргені осы сөзімізге айғақ бола алады. Жасыратыны жоқ, әкімдердің тұрғындармен кездесуі бұрынғыдай жаттанды форматта емес, бетпе-бет әңгіме, ашық пікір алмасу түрінде өтуде. Ұзын-сонар баяндама мен ода-мадақтарға орын берілмейді. ...
Read More »Тауқымет тартқандардың мұңы да ащы
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес өткен аптада Жетісай ауданында «Қамқорлық» бағдарламасы бастау алды. Соңғы жинақталған мәліметке сүйенсек, әрбір ауылдық округтер мен Жетісай қаласын қоса есептегенде әлеуметтік жағынан аз қамтылып, көмекке зәру болып отырған 173 отбасының бар екені анықталған. Ол отбасыларда 1059 адам өмір сүреді. Ауыл әкімдері мен аудандық бөлімдердің мамандары елді мекендердегі тұрмысы ауыр отбасыларға жеке кіріп, шынайы ...
Read More »Төтеншеліктердің тегеурінсіздігі таңқалдырды
– Мен Жетісай ауданының Асықата кентінен хабарласып тұрмын. Өткен аптада орталықта бес үй отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Бір қоршаудың ішінде қабырғалары жапсарлас салынған алты отбасы тұратынбыз. Кеңестік дәуірден қалған үй ескі болғанымен әркім өзінің шама-шарқына қарай жөндеп алған. Өрт күндіз шықты. Ауыл адамдары лезде жиналып қалды. Улап-шулап жүріп әрең дегенде менің үйімді өрттен ...
Read More »