Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
25.11.2026

Тұмау — қауіпті ауру

Тұмау – кез келген адамның өмірінде кездесетін ауру. Кейбір адамдар бұл аурудың қауіптілігін елемейді. Бірақ ол құс және шошқа тұмауынан әлдеқайда қауіпті сырқат. Жалпы, тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Ол ЖРА – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.

 

Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі (А, В және С) кезектесуімен қатар, олар өз құрылымын өзгерте алады. Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорганизмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады.

Тұмау ауа-тамшы жолдары арқылы жұғады. Науқас адам тыныс алғанда, жөтелгенде, түшкіргенде ауаға тарайтын қақырық пен мұрыннан бөлінген шырыштан айналада ауру жұқтырылған «бұлт» пайда болады. Ауру жұқтырылған «бұлт» біртіндеп қоршаған заттарға қонады. Өкінішке орай, белсенділігін сақтай алады. Тұмау вирусы тұрақты және сыртқы ортада бірнеше сағат бойы өз белсенділігін сақтай алады. Жасырын, инкубациялық кезең – 5-6 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Осы уақыттың аралығында вирус ауыз бен мұрынның шырышты қабаттары арқылы ағзаға еніп үлгереді. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы вирустың түріне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Инкубациялық кезеңнен кейін аурудың мұрынның бітелуі, түшкіру, тамақтың жыбырлауы сияқты бастапқы белгілері пайда болады.

Бронх қабынуы: ауру басталғаннан кейінгі бір аптаның ішінде жөтел басыла қоймайды, көп мөлшерде іріңді (сары, жасыл, сұр) қақырық бөлінеді. Пневмония – вируспен зақымдалған шырышты қабат арқылы кірген бактериялардың салдарынан туындаған өкпе тінінің қабынуы. Сырқат азапты жөтелмен, науқастың жалпы жағдайының нашарлауымен, температурасының көтерілуімен сипатталады. Кейде пневмонияның өліммен аяқталатын аса ауыр түрі дамуы мүмкін. Менингит және энцефалит – ми мен ми қабығының ауыр қабыну аурулары. Бұл көбінесе балаларға тән, ересектерде мұндай асқынулар өте сирек дамиды. Менингит пен энцефалит өте ауыр өтеді, қарқынды емдеуді қажет етеді және қайғылы аяқталауы да мүмкін. Селкілдек ұстамалар – орталық жүйке жүйесінің зақымдануының белгісі болуы мүмкін. Галлюцинациялы психоздар – ми қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауыр интоксикацияның белгісі болып табылады. Тұмаудан емделіп жүрген науқасқа тыныштық талап етіледі, яғни көбірек жату ұсынылады. Әдеттегі белсенділіктен бас тарту керек. Өйткені, ол аурудың асқынуына себепкер болуы мүмкін.

Вакциналау – тұмаудың алдын алудың негізгі медициналық әдісі. Вакцинаны індет басталғанға дейін 1-3 ай бұрын егеді. Мақта — дәке таңғышын тағып жүру вирустың тыныс алу жолдарына түсуіне кедергі тудырады.

Тұмау – ауыр және қауіпті ауру. Алайда, күз бен қыс мезгілдерінің басталуынан қорқып, үрейленбеңіздер: салауатты өмір салты тұмаудың алдын алуға көмектеседі.

 

Әйгерім Бердібекова,

Жетісай көпбейінді аудандық орталық ауруханасына қарасты

№17 «Түркістан» мектебінің мейірбикесі.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар