Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
20.11.2026

МӘМС медициналық көмекті қолжетімді етеді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – азаматтарға қажетті медициналық көмекті алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік жүйе. Оның негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын қорғау, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және азаматтардың медициналық көмекке уақытылы жүгінуіне жағдай жасау.

 

МӘМС жүйесі аясында сақтандырылған азаматтар медициналық ұйымдарға жүгініп, көрсетілімдерге сәйкес медициналық қызметтердің кең спектрін ала алады. Бұл жүйе арқылы азаматтарға консультациялық-диагностикалық қызметтер, зертханалық және аспаптық зерттеулер, бейінді мамандардың қабылдауы, жоспарлы медициналық көмек және басқа да қызметтер көрсетіледі. Әр азамат өзінің медициналық сақтандыру мәртебесін алдын ала тексеріп отырғаны жөн. МӘМС мәртебесін электрондық сервистер арқылы анықтауға болады. Егер азаматтың мәртебесі «сақтандырылмаған» болып тұрса, оның себебін анықтап, қажетті төлемдер мен аударымдардың жүргізілгенін тексеру маңызды.

МӘМС бойынша төлемдер мен аударымдардың тұрақты жүргізілуі азаматтың сақтандырылған мәртебесін сақтауға мүмкіндік береді. МӘМС жүйесінің басты артықшылығы – азаматтардың медициналық қызметтерді қажеттілігіне қарай алуға мүмкіндік беруі. Адам денсаулығына қатысты мәселе туындаған кезде медициналық ұйымға уақытылы жүгіну ауруды ерте анықтауға және асқынудың алдын алуға көмектеседі. Сонымен қатар, МӘМС жүйесі профилактикалық бағытқа да ерекше мән береді. Азаматтар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден өтіп, дәрігердің ұсыныстарын орындауы қажет.

Денсаулық – адамның ең үлкен байлығы. Сондықтан ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алу әлдеқайда маңызды. Дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден бас тарту және профилактикалық медициналық тексерулерден уақытылы өту – денсаулықты сақтаудың негізгі жолдарының бірі. Денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз! МӘМС мәртебеңізді тексеріп, медициналық көмекті уақытылы алыңыз.

 

Гүлбану Ажибекова,

Жетісай көпбейінді аудандық орталық емханасының салауатты өмір салтын қалыптастыру мейірбикесі.

Жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар