Өткен аптада Астана қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздарымен кездесіп, құттықтады. Соның ішінде Шардараның даңқын әлемдік деңгейде асқақтатып жүрген Құлмырза Бексұлтан Нұрлан Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл – спортшының жылдар бойғы табандылығы мен қажырлы еңбегіне, спорттағы жоғары жетістіктеріне және ел намысын халықаралық жарыстарда абыроймен қорғаған еңбегіне берілген лайықты баға. Бексұлтан Құлмырзаны жоғары мемлекеттік марапаттарымен жерлестері шын жүректен құттықтап жатыр. Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, көк Туымызды биікте желбіретіп, ел абыройын асқақтата береді деген сенім мол.
Бұл марапат – бір спортшының ғана жетістігі емес, Шардара спортының мерейі мен жас ұрпаққа үлгі боларлық үлкен өнеге. Бексұлтанның жеңіс жолы табандылықтың, жігер мен еңбектің биік белестерге жеткізетінін дәлелдейді. Осындай азаматтарымыздың арқасында туған жеріміздің абыройы асқақтап, еліміздің көк Туы биікте желбірей берсін! Жеңісің құтты болсын, Бексұлтан! Шардара сенің жетістігіңді мақтан тұтады!
Бек Ділдәбек,
Шардара ауданы.



